Латын әліпбиі - өркениет жолы
Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен латын қарпінде жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында бір мезгілде "Латын әліпбиі - өркениет жолы" атты жаппай диктант жазу акциясына Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар белсене қатысты.