COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Жылдағы дәстүр бойынша…

Жылдағы дәстүр бойынша…

“ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы” және “Ұстаздар күні” мерекесіне орай Халықаралық Тараз Инновациялық Институты спорттық-бұқаралық жұмыстар орталығының ұйымдастыруымен институтымыздың профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында кіші футбол турнирі өтті. Білімгерлер бойына білім мен тәрбиені дарытып жүрген білім ордасының оқытушылары аталмыш турнирде өздерін өзге қырынан да таныта білді. Сайыста 5 команда өзара сынға түссе, қорытынды кезеңде жеңіс сериясын үзбеген “Әкімшілік” командасы 1 орынды иеленді. Ал өзге қарсыластарға қадам бастырмаған “Арғымақ” командасы 2 орынға табан тіреді. Жүлделі 3 орынға “Баспахана” командасы жайғасса, “Жаратылыстану” және “ТИКК” командалары алғыс хатпен марапатталды.

Турнирді қорытындылай келе, институт ректоры Ерболат Байұзақұлы ұжымды мерейлі мерекемен құттықтап, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудің маңыздылығын айтты.

Сайыстың нәтижесі бойынша үздік танылған сайыпқырандар:
Үздік ойыншы - Буюклиев Николай (Әкімшілік)
Үздік шабуылшы - Қырықбаев Бауыржан (Баспахана)
Үздік қорғаушы - Наурызбаев Дархан (Арғымақ)
Үздік қақпашы - Керимбаев Ролан (Жаратылыстану)

Жарыс соңында жүлделі орын және үздік атанған ойыншыларға кубок және қаржылай сыйлық табыс етілді.