COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Біз таланттыларды іздейміз»

«Біз таланттыларды іздейміз»

Халықаралық Тараз инновациялық институты жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен өтетін 1 курс студенттері арасында «Біз таланттыларды іздейміз» байқауы биыл да өз жалғасын тапты. Талантты жастар 8 номинация бойынша бақ сынады. Бір қызығы, биыл “Заң” және “Экономика және бизнес” факультеті жүлделі 1 орын иеленіп, үздік факультет атанды. Екінші орынды “Жаратылыстану” ғылымдары факультеті қанағат тұтты. Ал жылда абырой биігінен көрініп келген “Педагогика” және “Шығармашылық мамандықтар” факультеті осы жылы үшінші орынға сырғыды. 5 факультеттен 100-ге тарта белсенді, дарынды жастар қатысты. Сәйкесінше, үздіктері сайыс соңында марапатқа ие болды.
 
Жүргізуші-конферансье номинациясы бойынша:
I орын – Тастанбек Сандуғаш;
II орын – Утебаев Асанәлі;
III орын – Қалижан Бақдаулет;

Ән айту номинациясында:
I орын – Мұратбек Данабек;
II орын – Маратбек Зейне;
III орын – Есенова Дариға;

Хореография номинациясымен:
I орын – “Күн Нұры” би тобы;
II орын – “Лайджес” би тобы;
III орын – “Playboy” би тобы;

Көркемсөз оқу номинациясы бойынша:
I орын – Аширов Бақтияр;
II орын – Балтабай Бибіфариза;
III орын – Мұратбекқызы Самал;

Ақындық өнер номинациясында:
I орын – Мұсақов Нұрзат;
II орын – Тоқтар Азизат;
III орын – Әбдіхалық Ердаулет;

Аспапта  ойнау номинациясы:
I орын – Қасымбек Азамат;
II орын – Ұзақбай Нұрлан;
III орын – Маханов Асқар;

Жайдарманшылар ойыны номинациясы:
I орын – «Метеорит» командасы;
II орын – «Доллар» командасы;
III орын – «Күлсей» командасы;

Сән театры номинациясы:
I орын – Жаратылыстану ғылымдар факультеті;
II орын – Заң және Экономика және бизнес факультеттері;
III орын – Шығармашылық мамандықтар факультеті марапатталды.

Үздік өнер көрсеткен Мықтыбек Дана, Балтабай Балнұр, Сейітқасым Нұрқасым т.б. студенттер ректордың алғыс хатымен марапатталды.

Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс секторы