Адалдық алаңы конкурс
Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттері жараптұр!
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында "Жамбыл - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл туралы бакалавр және магистр студенттері арасындағы облыстық жобалар байқауын ұйымдастырған болатын. Сол жобаға қатысқан қатысушылардың арасында біздің оқу ордамыздың 3 студенті жүлделі орынға иеленді.
Комиссия мүшелерінің шешімімен үздік жоба ұсынған қатысушылардың тізімін ұсынамыз:
- І орын – Нүсіпжанов Ерсұлтан Халықаралық Тараз инновациялық институтының магистр студенті
- ІІ орын – Адамбаева Айназ Халықаралық Тараз инновациялық институтының бакалавр студенті, белсенді студент
- ІІІ орын – Насенкова Ажар Халықаралық Тараз инновациялық институтының бакалавр студенті