COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Қарттар күні

Қарттар күні

Қарттар күніне орай Халықаралық Тараз инновациялық институтының жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Нұрсейіт Ғалымжанұлымен бірге белсенді студенттері Жуалы ауданы Ертай ауылына Белгібаев Бегәсіл атамыздың үйіне барып, қал жағдайын сұрап қайтты. Белгібаев Бегәсіл Ұлы Отан соғыс ардагері. Белгібаев Бегәсіл атамыз 1925 жылы 1 қаңтада дүниеге келген. Атамызға институт рекорының сәлемін жеткізіп, тәтті дастарханы мен кішігірім сыйлығын табыстап келді. Белсенді студенттер ардагерімізге қазақтың қара домбырасымен күйлер мен термелерді орындап, жақсы көңіл күй сыйлады. Бегәсіл атамыздың отбасында 3 ұл, 6 қызды тәрбиелеп өсірді, 36 немере, 10 шөбересі бар. Жуалы ауданның құрметті азаматы. «Қарты бар үйдің-қазынасы бар», – деп, дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады», – деген қанатты сөздер бар. Өйткені, кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.