Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Саналы ұрпақ» клубының студенттерімен кездесті. Кездесу алдында Бақытжан Мақсұтұлы "Студенттер үйімен" және "Ақпараттық кітапхана орталығымен" танысты.
Халықаралық Тараз инновациялық орталығының «Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс» секторының жетекшісі Бахтияр Арманұлы оқу орнында академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстармен, алдағы жоспарлармен таныстырып өтті.
Кездесу барысында Б.Ниязов студенттерге сапалы білім алудың, әрі адалдық қағидаттарын бойда қалыптастырудың маңыздылығын айтып өтті.
Сонымен қатар, студенттер тарапынан оқу орнымен бірлескен жоспар аясында департаментпен өткізілетін бірқатар іс-шараларды жаңаша форматта өткізу қажеттігі туралы ұсыныстар айтылды.