COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Жаса, жайна, ару қала Таразым!» атты көрме

«Жаса, жайна, ару қала Таразым!» атты көрме

Халықаралық Тараз инновациялық институты «Педагогика» факультеті «Шетел тілдері» кафедрасы Тараз қаласы күніне орай: «Жаса, жайна, ару қала Таразым!» атты көрме ұйымдастырып, аталмыш көрмеге Тараз қаласында өздерінің ісін дөңгелетіп отырған біршама кәсіпорын иелері:

1. «Тараз Кож Обувь» ЖШС;

2. «Зере» қыз жасау, құрақ көрпе сауда үйі;

3. «Сәуле» кондитерлік фабрикасы;

4. «Сабина» кондитерлік үйі;

5. «Тобуков» баспа үйі;

6. М.Мақатаев атындағы №14 орта мектептің 6-г сынып оқушысы: Сарқытбай Нұрай Нұрланқызы;

7. «Шығармашылық мамандықтар» факультетіне қарасты, «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандық» кафедрасы;

8. ИП «Шамахсутов Шаниез Шамуратович» колбасный цехы, қатысты.

Көрмеге институт ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы келіп, Отандық өнім өндірушілерімен әңгімелесіп, өнімдерге жоғары баға беріп, бірнеше бұйымдарына қызығушылық танытты. Сонымен қатар ректор кондитерлік өнім ұсынған кәсіпкерлердің тәттілерінен студенттерге тарту етті. Әр ұжым өз өнімдерін институт қабырғасында оқитын білімгерлер мен профессор оқытушыларға ұсынды. Аталмыш көрме жоғары деңгейде өтіп, қонақтар мен білімгерлер көрмеге қойылған заттарға қызығушылық танытып, жақсы деген баға берілді. Сондай-ақ, көрмеге ат салыса қатысып, өздерінің қол ұшын ұсынған көрме қатысушылары тарыпынан да институтқа алғыс айтылды. «Педагогика» факультетінің деканы Қожаева Маржан Төреғұлқызы көрме қатысушыларына институт атынан алғыс хат ұсынды.

Дана халқымыз «Еңбек түбі – береке!» демекші, кәсіп иелері қаламыздың дамуы мен өркендеуіне өзіндік үлес қоса отырып, адал еңбектерінің арқасында, жақсы жетістікке жетуге болатындығын студенттерге үлгі етті.

Осындай көрмені алдағы уақытта да өткізу жоспарда бар