COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Университеттер арасындағы әріптестік байланыс

Университеттер арасындағы әріптестік байланыс

29-30 қазан аралығында Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде болды. Іс-сапар барысында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Нұрмұханұлымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Халықаралық Тараз инновациялық институты және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеттері арасында білім беру мен ғылыми іс-қимыл саласындағы өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтып дамыту мақсатында екіжақты меморондумға қол қойылды.
Негізгі мақсат – екі оқу орнының арасындағы ішкі акдемиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, танымал профессорлардың лекцияларын ұйымдастыру және т.б.
Болашақта ХТИИ-да «Балық шаруашылығы» білім беру бағдарламасын ашу жоспарлануда. Бұл орайда Атырау университетінің мол тәжірибесі бар екенін ескере отырып, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың алғашқы қадамы жасалды.
Бүгінгі күнде ХТИИ базасында «Аквакультура және су биоресурстары» зертханасы жұмысын бастады.
Кездесу барысында Ерболат Байұзақұлы Атырау университеті жанынан ашылған дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларымен кездесіп, болашақ мамандық таңдау туралы дәріс оқыды. Оқушылар тарапынан институт ректорына түрлі сұрақтар қойылды.
Қазіргі кезде ХТИИ-дың материалдық-техникалық базасы қарқынды даму үстінде.
Институттың Стратегиялық даму жоспарында институт жанынан облыстың дарынды балаларына арналған интеллектуалдық мектеп ашу жоспарланған. Алдағы уақытта білім, ғылым және тәрбие бағыттарындағы жоспарланған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға институттың мүмкіндігі мол.


«Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс» секторы