COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / “ДАМУДЫҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛЫҚТАРЫ” тақырыбындағы дәріс сабағы

“ДАМУДЫҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛЫҚТАРЫ” тақырыбындағы дәріс сабағы

09.11.2021ж Халықаралық Тараз инновациялық институтының “Жаратылыстану” факультетінің, “ Биология және ауылшаруашылық” мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы Кожамжарова Балым Сейдахметовна ерекше ашық сабақ өтті. Био-18-1 тобына Эмбриология негіздері пәнінен “ДАМУДЫҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛЫҚТАРЫ” тақырыбындағы дәріс сабағын студенттерге қайрымдылық-ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі екенін және пәнге байланысты қыз бала- болашақ жар, болашақ ана, әрбір ана өз денсаулығын күту арқылы дені сау баланы дүниеге әкелетінін, жеті атаға дейін қыз алыспайтынын, генетикалық тексерістің маңыздылығын, қыз баланың өз уақытында тұрмысқа шығуының маңыздылығын, теріс қылықтар мен жаман әдеттердің зияндылығының әсерінен дүниеге кемтар болып келген балаларды өз көздерімен көрсету арқылы (кемтар балалардың суретін жариялауға болмайтындықтан) тәрбиелеу мақсатында арнайы ақыл-есі кем балалар үйіне барып қайрымдылық шарасын жасап сабақ өтті. Сабақтың ерекшелігі ZOOM бағдарламасы арқылы тәжірибе алмасу үшін тікелей сабақты кафедра меңгерушілері мен көптеген оқытушылар көріп отырды. Бітіруші 4 курс студенттері сабақтан терең білім мен тәрбие алып ұстаздарына зор алғыстарын білдірді.