COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Ыбырай Алтынсарин: Жалпыұлттық педагогиканың қалыптасу тенденциялары»

«Ыбырай Алтынсарин: Жалпыұлттық педагогиканың қалыптасу тенденциялары»

2021 жылдың 10 қараша күні Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Халықаралық Тараз инновациялық институтымен бірлесе отырып педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ыбырай Алтынсарин: Жалпыұлттық педагогиканың қалыптасу тенденциялары» тақырыбында жас ғалымдар арасында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.
Мақсаты – қазақ даласында ілім мен білімнің қалыптасып, дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаның шығармашылығы мен өмір жолын халықаралық деңгейде насихаттау. Сонымен қатар, жалпыұлттық педагогиканың тарихына үңілу арқылы бүгінгі жаһан тенденцияларын бағамдау.
Конференцияның жұмысына Қырғыстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Түркіменстан мемлекеттерінен, Қазақстанның барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, халықаралық, ұлттық ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары және колледж оқытушылары қатысты.
Конференцияның пленарлық отырысында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Берікқожа Серікбол Қайратұлы модераторлық жасады.
Пленарлық отырыстың кіріспе сөзі Халықаралық Тараз инновациялық институты ректорының кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Тәжібаев Серік Дүйсенәліұлына берілді.
«Ыбырай Алтынсарин – балалар əдебиетінің атасы» тақырыбында Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Жалпы педагогика» кафедрасының доценті Кушеров Несіпбай Маманбайұлы, «Әлем қазақтың Ыбырайын қалай таныды?» тақырыбында Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің «Шығыстанушы» мамандығының І курс магистранты Сапарбаев Бекзат Бекежанұлы, «Ұлт ұстазының ұлағатты жолы» тақырыбында Шымкент қаласы білім басқармасының №128 жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абзелова Сапаркүл Тұрсынқызы баяндама жасады.
Секциялық жұмыстарда 14-29 жас аралығындағы жас ғалымдар екі тақырып бойынша өз ғылыми мақалаларын қорғады.
Бірінші секция «Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектері және оның бүгінгі маңызы» тақырыбында өтіп, Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Игілікова Эльмира Сауытбекқызы, екінші секцияда «Жалпыұлттық педагогиканың қанат жаюы және Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер» тақырыбында Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Жалпы педагогика» кафедрасының оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі Әкімжан Айгерім Бақытжанқызы жас ғалымдарға модераторлық жасап, ғылыми мақалаларын бағалады.
Оффлайн өткен екі секциялық жұмыстардың нәтижесінде
І орынмен Төребекова Нұрай (Қызылорда облысы), Жахан Саида (Тараз қаласы), Мұратбекова Мөлдір (Қостанай облысы), Кеңшілік Бақытжамал (Қостанай облысы), Байнабаева Жанбота (Тараз қаласы),
ІІ орымен Қойшыбай Меңтай (Тараз қаласы), Алпысбай Ақнұр (Тараз қаласы), Қалыбек Жансая (Тараз қаласы), Нұрхожаев Нұрсұлтан (Тараз қаласы), Жанболат Қарақат (Тараз қаласы), Маратқызы Ақниет (Қостанай облысы), Кәрім Диана (Қостанай облысы), Абжалелова Жанар (Шымкент қаласы), Жұмабекқызы Гүлзада (Шымкент қаласы),
ІІІ орынмен Айтқұл Ұлбосын (Тараз қаласы), Предигер Ирина (Тараз қаласы), Сұлтанбаева Саяжан (Тараз қаласы), Ахмедбекова Гүлмира (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы), Қосмұрат Динар (Тараз қаласы), Баяділов Еркебұлан (Қызылорда облысы), Жакенова Жанерке (Қостанай облысы), Мүсірәлі Жанел (Шымкент қаласы), Ерғараева Гауһар (Тараз қаласы), Сүлейманов Жансерік (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы) марапатталды.
ZOOM платформасы арқылы онлайн секция жұмыстарына қатысушылардың көптігіне байланысты қорытындысы алдағы уақытта шығарылады.
Жалпы конференцияға 300-ден астам жұмыс түсті. Оның ішінде 130-ға жуық жас ғылыми мақаласын қорғады.
Барлық қатысушыға қатысқандығын растайтын сертификат, ал ғылыми мақаласын қорғаған жас ғалымдарға жүлделі орындар тағайындалып, дипломдар беріледі.
Қазақ даласына білімнің нұрын шашқан ағартушы-педагог халықаралық деңгейде мақтанышпен дәріптелуі керек.
Бұл – ұстаз үшін, ұлт үшін, жастар үшін жасалған игі іс.