COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Түлектерді жұмысқа орналастыру және кәсіптік практика

Түлектерді жұмысқа орналастыру және кәсіптік практика

Бүгін Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Түлектерді жұмысқа орналастыру және кәсіптік практика» секторының жетекшісі мен «Заң» факультетінің ұйымдастыруымен кездесу өтті. Аталған жиынға «Заң» факультетінің бітіруші түлектері, Жамбыл облысы, полиция департаментінің полиция капитаны Абдибеков Кемеңгер Талапұлы, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті, патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары, полиция майоры Еркінов Қуаныш Алимбекұлы, кадр саясаты басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Айтжанова Зоре Абдуалиевна және Атырау облысы, полиция департаменті кадр саясаты басқармасының орынбасары, полиция подполковнигі Дүйсенбаев Қайыржан Нұрғалиұлы, аталған басқарманың инспекторы, полиция капитаны Қуанышев Ақтөре Нұрланұлы қатысты.
Кездесуде «Құқықтану» мамандығын бітіретін жастарға жұмысқа орналасу үшін полиция департаменті өздерінің талаптарын айтып, студенттерге үлкен мүмкіндік бар екендігін, құқық қорғау органы қызметтеріне ұсыныстарын білдіріп, бос ваканциялар туралы мағлұмат беріп, жұмысқа шақырды.