COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Қайта келмес студенттік кез» тақырыбындағы жайдарман ойындарынан ректор кубогы өз мәресіне жетті

«Қайта келмес студенттік кез» тақырыбындағы жайдарман ойындарынан ректор кубогы өз мәресіне жетті

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен  «Қайта келмес студенттік кез» тақырыбында жайдарман ойындарынан ректор кубогы өткізілді. Факультет аралық сайысқа институтымыздың барлық факультетінен белсенді жайдарман топтары қатысты. Факультет аралық ойынға жалпы 6 команда қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жайдарман ойындарын әділ бағалауға облыс атынан республикалық жайдарман ойындарында намысын қорғап жүрген жайдарманшылар «Медиум» командасының ойыншылары, Облыстық «Jas Otan» жастар қанатының төраға орынбасары Ерғали Әбуғали, ардагер жайдарманшы облыстық «Жайдарман» филиалының экс директоры Хан Бакирамов, өзіміздің түлегіміз үздік жайдарманшы Еркебұлан Досанов өз бағаларын берді.

Ойын 4 сайыстан тұрды:

1.Сұрақ-жауап

2.Сәлемдесу

3.Қайым айтыс

4.Үй тапсырмасы

Ойын қорытындысы бойынша үздік топтар марапатталып, ақшалай сыйақымен марапатталды.

1 орын «Тумар» (20 000 тг)

2 орын «Метеорит» (15 000 тг)

3 орын « Проблема»  (10 000 тг) жайдарман командасы алды.

Ойынның үздік ойыншысы «Метеорит» командасынан Адилханов Ислам атанды.