COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Студенттердің шығармашылық орталығының» тұсаукесер рәсімі өтті.

«Студенттердің шығармашылық орталығының» тұсаукесер рәсімі өтті.

17.11.2021 күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Студенттер үйінде» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 17 қараша Халықаралық студенттер күніне орай «Студенттердің шығармашылық орталығының» тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға ХТИИ профессор-оқытушылар құрамы, белсенді студенттер, БАҚ өкілдері және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
«Студенттердің шығармашылық орталығының» лентасын Қазақстан Республикасының Халық әртісі Мәкен Рақымжанқызы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Майра Жалмұханбетқызы және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Жүсіпбек Тәшірбайұлы құттықтау сөз айтып, салтанатты түрде қиды.
Орталықта орналасқан «Ізгілік» волонтерлар клубының жұмысы туралы клуб жетекшісі 3 курс студенті А.Адамбаева таныстырып өтсе, «Көшбасшылар мектебінің» жұмысы туралы студенттік ректор Е.Берді және с.ғ.к., коуч С.Телеуова баяндады. «Күлтөбе» пікірсайыс клубының жұмысы туралы 4 курс студенті Ә.Орынбек таныстырды. Сонымен қатар, қатысушылар «Ұлт аспаптар оркестрінің» жаңадан жасақталған бөлмесін тамашалап, Халықаралық конкурстардың лауреаттары «Ерке сылқым» күйін орындады.
Келесі кезекте институттың «Талант» студенттік театр үйірмесінің жаңа ашылған залында өнерлі студенттер монолог оқып, «Желтоқсан жаңғырығы» драмасынан үзіндіні сахналады. ҚР Халық әртісі М.Рақымжанқызы, ҚР Еңбек сіңірген әртісі М.Әлімбетова құттықтау сөз айтып, өлең оқып, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші-сазгер «Ұлт қайраткері» медалінің иегері Ә.Тінәлиев өз кезегінде құттықтау сөз сөйлеп, авторлық «Желтоқсан» әнін орындап берді.
Содан кейін «Құрметті қонақтар» кітабына келген қонақтар қолтаңба қалдырып, тілектерін жазды. Кездесу соңы «Көшбасшылар мектебінің» жаңа форматтағы алғашқы сабағымен жалғасты.