COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Қазіргі отбасы - зорлық зомбылықсыз отбасы» атты вебинар өткізілді.

«Қазіргі отбасы - зорлық зомбылықсыз отбасы» атты вебинар өткізілді.

Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Заң» факультетінің ұйымдастыруымен 24.11.2021 күні, сағ. 11:00-де бас оқу ғимаратының АКТ залында қазіргі уақытта тұрақты проблемалардың біріне айналған отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты «Қазіргі отбасы - зорлық зомбылықсыз отбасы» атты вебинар өткізілді.
Вебинарды ХТИИ-дың бірінші проректоры А.Абдуалы ашып, жүргізіп отырды. Шарада Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан құралған Жамбыл облыстық аналар кеңесінің төрайымы Миражапова М.С., Жамбыл облыстық полиция департаментінің подполковнигі Д.А.Кинжеханова, Тараз қаласының полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры А.Б.Мусаева, Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығының психологы А.Т.Усербаева т.б. қонақтар сөз алып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, атқарылып жатқан жұмыстар турасында есеп берді.