COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «MADE IN KZ» тобы ХТИИ-да қонақта

«MADE IN KZ» тобы ХТИИ-да қонақта

Халықаралық студенттер күніне және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Халықаралық Тараз инновацияллық институтының ректоры Ерболат Саурықовтың арнайы шақыруымен қазіргі кездегі жастардың сүйікті тобы, эстрада жұлдыздары, әлемдік хит әндерді қазақтың домбырасымен үндестіріп, халыққа әсем әндерін тарту еткен «MADE IN KZ» тобы ХТИИ-да қонақта болды.
«MADE IN KZ» тобы «Студенттер үйін» тамашалап, жаңадан ашылған «Студенттердің шығармашылық орталығында» болып, Ақпараттық кітапхана орталығының жұмысымен танысып, осындай керемет жағдай жасап отырған институт басшылығына алғыс білдіріп, жастарға тек оқу оқып, білім алу керектігін айтты.
Кездесудің келесі бөлімі бас оқу ғимаратының АКТ залында студент жастармен кездесумен жалғасын тапты. Институт ректоры Ерболат Саурықов қонақтарға институт туралы, оның тарихы, бүгіні және болашақ жоспарлары туралы айтып таныстырды. Студенттер өз кезегінде сүйікті топтарына сұрақтар қойып, бірге жанды дауыста ән шырқады. Кездесудің соңында Ерболат Саурықов «MADE IN KZ» тобына естелікке бағалы сыйлықтар тапсырды.
Кездесудің жалғасы «Баласағұн» орталық концерт залында топтың жеке шығармашылық концертімен аяқталды.