COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕМІ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕМІ

Биыл қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы.
26 қараша күні Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық әлемі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияның модераторы «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Эльмира Пертаева Құлибайқызы.
Алғашқы құттықтауды Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының «Құрметті мүшесі» Ерболат Саурыков алып, конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Ғылым және коммерциялау» жөніндегі ректордың кеңесшісі, э.ғ.д., профессор Тажибаев Серик пленарлық мәжілістің баяндамашыларына ақ жол тілеп, ғылымдағы соңғы жаңалықтармен таныстырып өтті.
Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық әлемі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына 150-ге жуық ғылыми мақалалар мен баяндамалар келіп түсті. Баяндамалар Әжинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика университеті, К.Карасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университеті, Қырғыз ұлттық білімдер академиясы Ч.Айтматов атындағы тіл және әдебиет институты, Баранов атындағы авиациялық орталық мотор жасау институты, Пермь мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы мен аудандық, қалалық, Республикалық мектептерден келіп түсті.
Пленарлық мәжіліске қатысқан зиялы қауым өкілдерін «Педагогика» факультетінің деканы, ф.ғ.к. Маржан Кужаева «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Рабига Беркенова І дәрежелі дипломдармен марапаттады.