COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Проблемы здравоохранения в Казахстане» тақырыбында ашық сабақ

«Проблемы здравоохранения в Казахстане» тақырыбында ашық сабақ

Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Стамкулова Баян Шаймерденқызы орыс тілі пәнінен Шт-21-1 тобында «Проблемы здравоохранения в Казахстане» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ұстаздық шеберліктің арқасында студенттердің тіл үйренуге және білім алуға деген құштарлығы байқалды. Сабақта жаңа озық инновациялық технологиялар қолданылды. Бірінші сабақ конференция, екінші сабақ конкурс түрінде өтті. Студенттер 4 командаға бөлінді: Педиатрия, Кардиология, Онкология, Наркология атты командалар орысша және ағылшын тілдерінде баяндама жасады. Командалар  конкурс талабына сай жарысып, өз білімдерімен сайысқа түсті. Сабақта пікірталас ұйымдастырып, тақырыпқа  байланысты өз ойларын медицина саласындағы проблемалар және оларды  шешудің жолдары да ұсыныс ретінде айтылды. Денсаулықты сақтау тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтылып, командалар жарысқа түсті.