COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Жаңа мағыналар/ New meanings» форумы

«Жаңа мағыналар/ New meanings» форумы

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Халықаралық Тараз инновациялық институтының бірқатар құрылым басшылары Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетіне іс-сапармен барып қайтты. Тәжірибе алмасу барысында ұжым мүшелері университет өмірімен, ұжымның қызметімен танысып, оқу ордасының 45 жылдық мерейтойы аясында 2-3 желтоқсанда өткен Халықаралық форум жұмысына қатысты. «Жаңа мағыналар/ New meanings» тақырыбында өткен форум жұмысында шет елдік және отандық ғалымдардың баяндамалары, эксперттік панель жұмыстары, воркшоп, салтанатты іс-шара, Ш.Есенов университетін әр жылдары басқарған ректорлардың атындағы кабинеттердің тұсаукесерлері  ұйымдастырылды.