COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты облыстық форум өтті

«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты облыстық форум өтті

9.12.2021 ж. күні «Достық үйінде» 9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай
«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты облыстық форум өтті.


Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 2003 жылы 9 желтоқсан – халықаралық жемқорлыққа қарсы күні деп жарияланып, дүние жүзі мемлекеттері осы күнді 2004 жылдан бастап жыл сайын атап өтуде. Бұл күні, бүкіл адамзатты осы індетке назарын аудартып, бүкіл қоғам болып жемқорлықпен ымырасыз күресуге шақыру болып табылады.
Форумда облыс әкімі орынбасары Р.Дәулет, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қ.Төлендиев, Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Е.Б.Саурықов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры Д.Нұрмұханбет қатысып сөз сөйледі.
Форум барысында қатысушыларға академиялық адалдық қағидаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, облыс тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру бағытында ақпараттар беріліп, форум қатысушыларын жемқорлыққа қарсы бірігіп тұруға және әлеуметтік зұлымдық – жемқорлыққа қарсы күрес жұмысына өзіндік үлес қосуға шақырды.
Форум соңында қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға елеулі үлесін қосқан институтымыздың «Заң» факультетінің доценті Қ.Сағынбеков, «Рухани жаңғыру және Шерхантану» орталығының директоры А.Кембаева, «Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс» секторының жетекшісі Б.Бекназаров марапатталды.