COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ЖҰРТШЫЛЫҚ КӨКЕЙІНДЕГІНІ ТАП БАСТЫ

ЖҰРТШЫЛЫҚ КӨКЕЙІНДЕГІНІ ТАП БАСТЫ

Бүгінгі таңда елдің басынан өткен ахуал көпшіліктің көңілінде күдік ұялатып келгені анық. Тіпті алаңдатып отырғаны жасырын емес. Осы тұста мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қадам басу бағытын дұрыс бағамдап, ұстанған саясаты халықтың жүрегіне жылулық лебін есіп, ертеңгі күнге деген зор сенім отын лаулатты десек қателеспеспіз.

Еліміздегі бағасы өте қымбат қызметтерді ұсынатын түрлі ірі компаниялардың жұмысын жүйелеп, үлкен сома жұмсалып алайда аяқсыз қалған жобаларды бір жақты қылып, әсіресе ең маңыздысы күштік құрылымдар мен қауіпсіздік қызметін түбегейлі реформалау жөніндегі тапсырмалары қалың елдің көкейіндегі сауалдарға нақты жауап болды деп есептеймін.

Сондай-ақ, ауқымды саяси реформалар күтіп тұрғанын, оны жарты жыл ішінде елмен ақылдасып құратыны өте орынды әрі өз уақытында айтылды. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруды жалғасырып, жоғары айлыққа ие шенеуніктердің жалақысын көтеруге 5 жылдық мораторий жариялауы да әлеуметтік жағдайға аса зор көңіл аударғандығын аңғартады.

Тағы да бұрын көп айтылғанмен, жоғары мінбелерден естіле бермейтін мәселеге айрықша тоқталғым келеді. Ол - қызметте қартайғанша отырмай, жаңаша ойлай алатын білімді әрі жалынды жастарға орын босату бастамасы. Әлбетте, Президент бұл мәселеде сөздің қиюуын келістіре айтып өтті. Егер қауқары жетіп, қоғамға пайдасы тиіп жатса, онда тәжірибесін пайдалануды дұрыс деп, олай болмаған күнде кейінгі буынға кезек беру қажеттігін жеткізгені өте орынды деп білемін

Мемлекет басшысы әлеуметтік салалардың да қадам басуы үшін тиімді тетіктерді дамыту керектігін Үкімет алдына тапсырып, оны қатаң қадағалауды нақтылады. Жалпы алғанда, жұртшылықтың ойындағы мәселелерді әрі уақыт тезіндегі атқарылуы тиіс шаруаларды толық қамтыды деп ойлаймын. Енді баршамыз жұмылып, мұның жүзеге асуына атсалысуымыз керек.

Ерболат Саурықов,
ХТИИ ректоры, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты