«Қыз Қасқыр» әңгімесі және тарихи-әдеби шындық
Бүгін «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығында Оқу (танысу) практикасынан өтіп жатқан Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филология: қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне орталық директоры А.Кембаева мұрағаттан табылған «Қыз қасқыр» әңгімесіне байланысты «Қыз Қасқыр» әңгімесі және тарихи-әдеби шындық» тақырыбында лекция оқыды.
Лекция барысында «Қыз қасқыр» әңгімесінің жазылу тарихына, әңгімедегі тарихи шындық, әңгіменің тақырыбы мен идеясы, прототип мәселесі, «Қасқыр-Ана» бейнесі, әңгіме желісімен қойылған драмалық дүниелерге шолу жасалды.
Сонымен қатар, орталық даярлаған «Тұғыры биік тұлға» атты деректі фильм студенттердің назарына ұсынылып, атқарылып жатқан жұмыстар мен зерттеу жұмыстарының жай-жапсары сөз болды.
Байсақалова Жадыра
«Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші маманы