Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Халықаралық Тараз инновациялық институтының “Педагогика” факультетіне қарасты “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламасының Мдт 20-1 тобының студенттері дуалды оқыту екі жақтық келісімшарт негізінде Тараз қаласындағы #35 “Ертөстік” бөбекжай балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Коррекциялық педагогика” пәнінен балабақша меңгерушісі Ережепбаева Алма Сайлаубекқызы практикалық сабағын өткізді.
Топтың жетекшісі кафедраның аға оқытушысы Фатикова Назипа Агламовна және “Академиялық саясат басқармасының” жетекші маманы Бақыт Жайлауқызы арнайы бөбекжайға келіп өз кеңесін айтты.
Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктері мен дағдыларын, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік береді.