COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Ғылыми шығармашылық және инновация – болашақ жастардың қолында

Ғылыми шығармашылық және инновация – болашақ жастардың қолында

11.02.2022 күні Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Ғылыми шығармашылық және инновация – болашақ жастардың қолында» атты студенттердің кезекті XIV-ші республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылу салтанаты өтті. Конференция 4 бағытта жұмысын жүргізді:

1. Жаратылыстану пәндерінің өзекті мәселелері;
2. Педагогикалық ғылымдардың қазіргі жағдайы және дамуы;
3. Білім берудегі инновациялық технологиялар;
4. Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдардың тұрақты дамуы.

Конференцияға 200-ден астам мақала жиналды, оның ішінде Павлодар қаласындағы Торайғыров университетінен, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінен, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінен, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінен келіп түсті.

ХТИИ ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлы конференцияға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

2022 жылдың ақпан айының 12 жұлдызында сағат 10.00-де қорытынды мәжілісте секция жетекшілерінің есептері тыңдалып, марапаттау рәсімі және студенттердің XIV-ші республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жабылу салтанаты өтті.