COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Жаңа Қазақстанды Бірге өркендетейік!

Жаңа Қазақстанды Бірге өркендетейік!

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан» ұлттық арнасына ана тілімізде берген эксклюзивті сұхбатын мұқият тыңдадым. Тәуелсіздікті сақтау, оны тұғырлы ету жолында тағылымды ойлар айтылды. Меніңше, бұл сұхбатта елдің көкейінде жүрген өзекті сауалдарға жауап берілді деп санаймын.
Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдарын, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар туралы, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынасына қатысты сауалдарға ашық, әрі тиянақты үн қатып, елдіктің жолында бірлік керек екенін баса айтты. Сұхбатта Президент елдік мұраттарды әрдайым биік қоятынын айтып, салиқалы пікірін білдірді.
Ендігі біздің міндет – сол айтылғандарды өз ойымызда қорытып, әрі қарай кім не істеуі керек екенін білу. Мысалы, біз білім саласының қызметкерлері болашақ жастардың дұрыс тәрбие алуына, жан-жақты білімді болып қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Ол үшін мұғалімнің өзі мықты маман, үлгілі ұстаз болуы керек. Демек, заман талабына сай жақсы мамандарды мектепке көптеп тарту керек. Білім алушы – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Мәселен, Бердақ - Күнқожаны, Шәкәрім - Абайды, Ескендір Зұлқарнайын - Аристотельді, Жамбыл – Сүйінбайды, Абылай хан - Төле биді өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтып, өздерінің өмірде бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі мол екенін жақсы білген. Сол үшін мүмкіндік болса көп оқу керек. Сонда ғана біз жақсы маман, жақсы мұғалім бола аламыз.
Отанымыздың тарихындағы осы жауапты кезеңде әрқайсымыз Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы – бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз.
Жаңа Қазақстанды Бірге өркендетейік!

«Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс» секторының жетекшісі Б.А.Бекназаров