COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Золотая нить» атты дизайнерлер байқауы өтті

«Золотая нить» атты дизайнерлер байқауы өтті

Ақпан айының 11-13 аралығында Орталық Қазақстан, Теміртау қаласында ІХ Республикалық «Золотая нить» атты дизайнерлер байқауы өтті. Байқауға Қазақстанның түпкір-түпкірінен қатысушылар (дизайнерлер) келді. Жалпы байқау:
- Балалар стилі;
- Авангард стилі;
- Этно стиль;
- Neo-фольклор;
- Pret-a-porte;
- Кешкі стиль;
- Сән үйі – номинациялар бойынша өтті.

Жоғарыда аталған номинациялардың ішінен noe-фольклор стилінде институтымыздың «Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар» жөніндегі проректоры Құлабекова Гүлшат Қамбарбекқызы және «Шығармашылық мамандықтар» факультеті, «Кәсіптік оқыту» мамандығының аға оқытушысы Аяулым Септемирова жетекшілігімен КО-20-1 тобының белсенді студенттері: Бүргенбаева Қаракөз, Азимова Мерей, Ғабитқызы Сымбат және Бағдатқызы Мерей байқауға 8 бұйымнан тұратын «Ақ бұлттағы өрнектер» атты топтаманы тігіп, қатысты.

Байқауда «Neo-фольклор» номинациясы бойынша 11 қатысушының ішінен жүлделі 1-орын дипломы және де қосымша институтымыздың ректоры Саурықов Ерболат Байұзақұлына, «Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар» жөніндегі проректоры Құлабекова Гүлшат Қамбарбекқызына, факультет деканы Құрманбекова Айгүл Сауқымбекқызына және де кафедраның аға оқытушысы Септемирова Аяулым Жомартқызына «Алғыс хат» табысталды.