Institute of Electrical and Electronics Engineers
Шерхан Мұратаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты коммерциялау және паттенттеу бөлімінің басшысы Орынбасар Сабыр Орынбасарұлының халықаралық деңгейі жоғары басылым Institute of Electrical and Electronics Engineers журналында «Жерді қашықтықтан зондтаушы кіші ғарыш апараттарына арналған жиналмалы L және S диапазонында жұмыс жасайтын конус тәріздес екідиапазонды антенна» атты мақаласы жарияланды.
Institute of Electrical and Electronics Engineers (IEEE) журналы биоинженерия, оптика, компьютерлік технологиялар, нанотехнология, ядролық физика, оптика, радиология сияқты салалар бойынша әлемдік техникалық журналдардың үштен бірін шығарады. IEEE журналдары әлемдегі сілтемесі көп жасалатын және жоғары сұранысқа ие басылымдардың бірі. Аталған басылым ғалымдар үшін маңызды ақпаратты қамтып қана қоймайды, сонымен қатар зерттеу нәтижелерін саланың жетекші басылымдарында жылдам жариялауға мүмкіндік береді.
IEEE журналы бүкіл әлем бойынша 385 000-нан астам инженерлерді оқиды, бұл оны әлемдегі жетекші ғылыми және инженерлік журналдардың біріне айналдырады. Журналдың тақырыбы компьютерлік техниканың, байланыс құралдарының және электрониканың көптеген техникалық мәселелері мен жетістіктерін қамтиды. Стандартты журналдардағыдай, "IEEE" мақалалары олардың инженерлік білімі болжанғанымен, қарапайым адамдарға қол жетімді етуге тырысады. Журнал материалдары жоғарғы беделге ие және басқа басылымдар жиі сілтеме жасайды. Осындай үздік журналда институтымыздың қызметкерінің мақаласы жарық көргеніне мақтанамыз және алдағы уақытта осындай басылымдарда мақалалардың санының артуына тілектеспіз.