COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері

Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері

2022 жылдың 18 ақпанында «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету» орталығы «Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмысты ұйымдастыру" тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Оған облыстық және қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның мамандары, №25, 32, 35 орта мектептердің инклюзияны қолдау кабинеттерінің мамандары, Соқыр және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернатының мамандары, сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің және Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің оқытушылары қатысты. Семинардың басында Халықаралық Тараз инновациялық институты жанындағы «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету» орталығының жұмысы туралы ақпарат ұсынылды. Бұдан әрі инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыста қолданылатын технологиялар талқыланды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.