COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Хабарландыру / ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЭССЕ ЖАЗУДАН БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЭССЕ ЖАЗУДАН БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ

Ұлттық мереке - 25 қазан Республика күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына эссе жазудан байқау жарияланды.

Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.Байқауға студенттер, магистранттар және қоғамдық жастар ұйымдары қатыса алады.

Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.

Жұмыс 2022 жылғы 14 қазанға дейін оқу орнының (Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. ) электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Конкурс бойынша толық ақпарат Тәрбие бөлімінен ала аласыздар.

Конкурстық жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындауға болады.

Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау 2022 жылғы 19 қазанда жоғары оқу орындарының базасында өтеді. Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астана қаласында өтеді.