COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Хабарландыру / Зияткерлік меншік саласындағы жас ғалымдардың V Халықаралық «Интеллект» байқауы

Зияткерлік меншік саласындағы жас ғалымдардың V Халықаралық «Интеллект» байқауы

Бұл байқау жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың 35 жасқа дейінгі студенттері, магистранттары, докторанттары және ғылыми қызметкерлері арасында жыл сайын өткізіледі.

Байқауды ұйымдастырушылар: Зияткерлік меншік жөніндегі федералды қызмет (Роспатент), «Ресей зияткерлік меншік академиясы» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі (РГАИС) және Еуразиялық патенттік ведомство.

Байқаудың мақсаты:
- білім беру және ғылыми қызметті зияткерлік меншік саласында дамыту және біріктіру;
- жастардың зияткерлік меншік саласында кәсіби өсуіне жәрдемдесу.

2024 жылы зияткерлік меншік саласындағы жас ғалымдардың Халықаралық «Интеллект» байқауы төрт кезеңнен тұрады:

1-кезең – тіркеу және өтінімдерді қабылдау (01.02.2024-тен 31.10.2024-ке дейін);
2-кезең – ғылыми жобаларды сырттай сараптау (01.11.2024-тен 30.11.2024-ке дейін);
3-кезең – РГАИС сайтында байқаудың финалына қатысуға іріктелген қатысушылар туралы ақпаратты орналастыру, байқау финалы – ғылыми жұмыстарды презентация түрінде қорғау (15.12.2024-ке дейін);
4-кезең – Роспатент алқасында байқау жеңімпаздарын марапаттау (2025 жылдың ақпан-наурыз айлары).

Байқау жеңімпаздары 1, 2 және 3 орындарды иеленген қатысушылар деп есептеледі. 4, 5 және 6 орын алған қатысушылар байқаудың жүлдегерлері болып саналады.

Байқау жеңімпаздары 80 000-нан 150 000 рубльге дейінгі ақшалай сыйақымен марапатталады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге РГАИС жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларына 50% жеңілдікпен сертификат беріледі.

Байқауға қатысу үшін https://intellect.rgiis.ru сайтында тіркелу қажет.

Положение о Международном конкурсе молодых ученых

Информация / Положение

РГАИС-V Международный конкурс молодых ученых в сфере интеллектуальной собственности «Интеллект»