Жоғары білім сапасын арттыру мәселелері мен тенденциялары
Бүгін 2022 жылы 21 сәуір айында «Жоғары білім сапасын арттыру мәселелері мен тенденциялары» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясының ашылу салтанаты өтті. Конференция 4 бағытта жұмысын жүргізді:
1. Гуманитарлық ғылымдар және жаратылыстану: мәселелер, идеялар, инновациялар
2. Білім берудегі сандық технология: мәселелер мен болашақ
3. Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы қазіргі заманғы экономикалық ғылымның дамуы
4. Жаңа кезеңдегі білім беру жүйесін жаңғыртудың құқықтық аспектілері
Конференцияға 120-ге жуық мақала жиналды, оның ішінде, 10 мақала халықаралық университеттерден: Болгария Республикасы Варна қаласындағы «Варналық Еркін университетінен, Ресей Федерациясындағы Симферополь қаласының В. И. Вернадский атындағы Крым Федералдық университетінен, Қырғыз Республикасының Бишкек қаласындағы «Экономика және қаржы» институтынан, 15-ке жуық баяндама Қазақстанның Жоғары оқу орындарынан келіп түсті.
Ғылым және коммерциализация бойынша кеңесшісі экономика ғылымдарының докторы, профессор Тажибаев Серік Дуйсеналыұлы, «Стратегия, ғылым -инновация және халықаралық байланыстар» жөніндегі проректор., философия ғылымдарының докторы, профессор Буюклиев Николай конференцияға қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.