COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Жағымды жаңалық!

Жағымды жаңалық!

Бүгін Халықаралық Тараз Инновациялық Институты президенті Ерболат Саурықов Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовпен бірге Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университетіне барды.

Ерболат Байұзақұлы университеттің материалдық базасымен танысып, оқу корпустарын аралап, профессор-оқытушылармен кездесті. Кездесу барысында ХТИИ мен Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университеті арасында меморандумға қол қойды. Сонымен бірге университет мұражайына бағалы кәдесый сыйлады.

"Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университеті" - Ресейдегі ең көне аграрлық университет. Университет Ресейдің агроөнеркәсіптік кешенінің еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды дайындайды. Бакалавриат пен магистратураны қоса алғанда, мамандарды даярлаудың көп деңгейлі жүйесі дамуда.

Санкт-Петербург мемлекеттік аграрлық университеті - Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын Петербург техникалық жоғары оқу орны.

Университет келесі бағыттар бойынша дайындықты жүзеге асырады: агробиологиялық, инженерлік-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық. Бакалавриат, магистратура, аспирантура, қосымша және орта кәсіптік білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады.