COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Дидактикалық материалдардың маңызы мен ерекшелігі

Дидактикалық материалдардың маңызы мен ерекшелігі

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасының​ аға оқытушысы, магистр Роза Ажибаева оқытушылар: Фатима Пірәлі., Сманова У.К. Дуалды оқыту элементтерін іске асыру бойынша Тараз қаласы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының филиалында ​ ​ БОПӘ-20-1,2,3 топтарымен факультет көлемінде «Дидактикалық матералдарды пайдалану әдістемесі пәнінен » «Пәндерге байланысты дидактикалық материалдардың маңызы мен ерекшелігі» тақырыбында практикалық ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа "Жалпы педагогика" кафедрасының​ аға оқытушысы, магистр​ Назипа Фатихова оқытушы Момбекова С.Б., академиялық саясат бөлімінің маманы Дуралиева Б.Ж., Тараз қаласы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының жоғары санатты мұғалімі Орынбаева Қ.А қатысты.

Ашық сабақтың мақсаты – дидактикалық материалдарды пайдалануға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыру, пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау. Сабақ қазақтың ұлттық форматында өтті.​ Ашық сабақта студенттердің қызығушылығын ояту мақсатында​ қазақтың ұлттық ойындары «Ханталапай», «Қыз қуу», «Ақсүйек», «Көкпар» ойындары пайдаланылды. Сабақтың барысында ​ студенттерге «Миға шабуыл» әдісі, Бейне-сұрақ/ оқытушылардың тақырыпқа сай сұрақтары/ Шығармашылық ізденіс: интербелсенді әдістер: «ақыл- ой» картасы, сергіту сәті: психологиялық жаттығу, «Көкпар» ұлттық ойыны https://learningapps.org/watch?v=pgfqw2ywn23 платформада топтар тапсырмалар орындады. Сабақтың соңында рефлексия, кері байланыс /Екі жүрек бір тілек әдісі/ Бағалау/ Қорытынды жасалып, сабақ жоғары деңгейде өтті. ​
https://www.instagram.com/p/CqsELZ8s8x6/?igshid=MDJmNzVkMjY=