COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Таразда ҰОС 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған волейболдан турнир өтті

Таразда ҰОС 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған волейболдан турнир өтті

 

Шерхан Мұртаза университетінде Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған волейболдан  облыстық турнир өтті. "Спорттық-бұқаралық жұмыстар" орталығы мен "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының ұйымдастыруымен өткен бұл жарыстың  мақсаты –бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында волейбол спортын кеңінен насихаттау және салауатты өмір салтын дәріптеу. Сондай-ақ, спортшылардың шеберлігін арттырып, командалық рухты нығайтуға мүмкіндік беру.

 

 

Турнирге қала мен аудан мектептерінің оқушыларынан құралған 12 команда қатысты. Жас спортшылар алаңда өз шеберліктерін көрсетіп, жеңіс жолында барын салды.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде үздік командалар анықталды:
 1 орын – «Тараз» командасы
 2 орын – 24 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (Луговой)
 3 орын – IQ мектебі

 

 

Жеңімпаз командалар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, үздік ойыншыларға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Бұл турнир спорт арқылы патриоттық тәрбиені насихаттап, жас спортшылардың шеберлігін арттыруға мүмкіндік берді.