COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / КӘСІБИ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРУГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ҚЫЗҒЫЛЫҚТЫ САЯХАТ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ.

КӘСІБИ БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРУГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ҚЫЗҒЫЛЫҚТЫ САЯХАТ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Халықаралық Тараз инновациялық институты мектеп оқушыларына болашақ мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында көптеген атаулы іс-шаралар атқарып келеді. Сондай игі дәстүрдің жалғасы ретінде өткен аптада институымызда №30 орта мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары қонақта болды. Осы мектептің 2012 жылғы үздік түлегі, ХТИИ «Филология» кафедрасының оқытушысы Саржаев Олжас Тілебалдыұлы мектеп оқушыларына институт ғимараттарын аралатып саяхат сабағын өткізді. Институтымыздың заманауи жабдықталған кітапханасындағы сирек кездесетін кітаптар мен электрондық ресурстарды, қолөнер шеберханасындағы ою-өрнек әзірлейтін жоғары технологиялы құрылғыларды, «Билология» зертханасындағы таңғажайып экспонаттарды оқушылар назарына ұсынып, қызықты деректер арқылы таныстырып өтті.

Сабақ барысында мектеп оқушылары институтымыздың ерекше ғылыми орталықтарының бірі - «Шерхантану ғылыми зерттеу орталығына» қонаққа келді. Орталық директоры Кембаева Айнұр Тұрарқызы атақты жазушы Ш.Мұртаза жайлы естеліктермен бөлісе отырып жазушының фотоальбомымен, қолжазбаларымен және орталыққа Ш.Мұртазаның өзі табыстаған жеке заттарымен таныстырып өтті. Айнұр Тұрарқызы ҒЗО тарихымен, атқарылған маңызды іс-шараларды атап өтіп, аса қызығушылық танытқан оқушыларды әр жыл сайын орталық тарапынан ұйымдастырылатын Шерхан оқуларына қатысуға шақырды.

Кәсіби бағыт-бағдар беруге негізделген саяхат сабағының соңында №30 мектеп-гимназиясының оқушылары аға буын мектеп түлегі О.Т.Саржаевтан мамандық жайлы, институт жайлы, мектеп кезіндегі қызықты сәттері жайлы сұрақтар қойып, естелік суретке түсіп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.