COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Өркен-ниет

Өркен-ниет

Халықаралық Тараз инновациялық институтында "Жарқын болашақ" жобасы аясында,⠀ "Өркен-ниет" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру және жоғарғы оқу орындарымен таныстыру мақсатында, аудан және қала мектептерінің 11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар институттың әр ғимаратымен, факультетімен, ПОҚ мүшелерімен, студенттер үйімен және білім беру процесімен толық танысып, өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Халықаралық Тараз инновациялық институтының Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Г.Қ.Құлабекова оқушылармен еркін форматта сұхбаттасып, көшбасшылық қағидаттары турасында ой бөлісті. ⠀ "Өркен-ниет" қоғамдық қоры ХТИИ ұжымына және институт ректоры Ерболат Байұзақұлына осындай танымдық шараны ұйымдастырып, демеушілік жасағаны үшін үлкен алғысын жеткізді.