«Street law» жобасы
Жамбыл облысы Әділет Департаменті 2017-2022 жылдарға арналған құқықтық ағарту саласын жетілдіру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Халықаралық Тараз инновациялық институты «Заң» факультетінің студенттеріне «Street law» жобасы аясында, тегін оқыту курстарын өткізу көзделген.
«Street law» жобасы аясында, Заң клиникасының жұмысын атқарып жүрген «Құқықтану» мамандығының 2-3 курс студенттері 2021 жылдың мамыр айының 17-28 аралығында курсқа қатысты.
Курстың бағдарламасына сәйкес студенттер төмендегідей іс-шаралаға қатысты:
1. 17.05.2021ж 11:00-13:00ге дейін «Заң» факультетінің 301 аудиторияда орналасқан «Заң» клиникасында «Қоғамдық көзқарас» қоғамдық қорының Президенті Калиева Асия Зинуллаевна «Адам саудасы деген не? Сауда сатылары. Адам саудасының құрбаны болмау үшін нені білу керек» атты тренининг өткізді.
2. 18.05.2021ж 11:00-13:00ге дейін Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі 17 (3қабатта) Жамбыл облысының Заң консультанты Момбекова Сабира Адильбековна практикалық жұмыстар жүргізді.
3. 19.05.2021ж 11:00-13:00ге дейін «Заң» факультетінің 301 аудиторияда орналасқан «Заң» клиникасында Жамбыл облысы Әділет Департаментінің қызметкері Тажиева Райхан Алихановна Мұрагерлік құқық туралы дәріс оқыды.
4. 20.05.2021ж 11:00-13:00ге дейін Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі 1/3 Жамбыл облысының жеке нотариусы Нурханова Гаухар Умирхановна практикалық жұмыстар жүргізді.
5. 21.05.2021ж 11:00-13:00ге дейін онлайн форматта Zoom бағдарламасы арқылы Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы Қожамжаров Манас Мухтарович Адвокатура. Қазақстанның заң көмегі туралы вебинар жүргізді.
6. 24.05.2021ж 11:00-13:00ге дейін Тараз қаласы, Төле би 51 мекен-жайында орналасқан Жамбыл облысының адвокаттар алқасы Кеңес беру дағдылары туралы практикалық жұмыстар жүргізді.
7. 25.05.2021ж 11:00-13:00ге дейін «Заң» факультетінің 301 аудиторияда орналасқан «Заң» клиникасында Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы Куатбеков Алтынай Канатович Алимент өндіру. Жеке от орындаушылар жұмысы туралы дәріс оқыды.
8. 26.05.2021ж 11:00-13:00ге дейін Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі 17 (3қабатта) Жамбыл облысының Заң консультанты Момбекова Сабира Адильбековна кеңес беру дағдылары және практикалық жұмыстар жүргізді.
9. 27.05.2021ж 11:00-13:00ге дейін онлайн форматта Zoom бағдарламасы арқылы Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы Куатбеков Галымжан Канатович Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау тақырыбына Онлайн семинар жүргізді.
10. 28.05.2021ж 11:00-13:00ге дейін онлайн форматта Zoom бағдарламасы арқылы Жамбыл облысы Әділет департаментінің бөлім
басшысы Туткушева Шолпан Копбаевна Заңды тұлға, азаматтық хал актлерін және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысы туралы дәріс оқыды.