COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / ҒЫЛЫМ / Конференциялар / факультеттер / НУРМАНАЛИЕВА УЛТАЙ ТЛЕГЕНОВНА

НУРМАНАЛИЕВА УЛТАЙ ТЛЕГЕНОВНА

Нұрманалиева Ұлтай Тілегенқызы 1961 жылы 21 мамырда Жамбыл облысының Луговой (қазіргі Т: Рысқұлов) ауданы, Ақыртөбе бекетінде дүниеге келген.

1979 жылы Бішкек қ. (бұрынғы Фрунзе қ) «СССР-дің 50 жылдығы» атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері» факультетіне түсіп, 1984 жылы «Француз тілі және әдебиеті» мамандығын тәмамдаған.

1999-2004жж. Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (Алматы қ.) 13.00.02 «Электрондық оқулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге болашақ мұғалімдерді оқыту әдістемесі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған.

Жалпы педагогтік еңбек өтілім: 41 жыл, оның ішінде ЖОО-да - 32 жыл. 1985-1993жж. орта мектептерде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметтерін атқарған.

1994-2000жж. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің «Шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2000-2010жж. А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік бөлімі бастығының орынбасары қызметтерін, ал 2005-2010 жж. аралығында «Педагогика», «Жаратылыстану», «Ақпарат және менеджмент» факультеттерінің деканы қызметтерін атқарған.

2010-2013жж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

2013-2015жж. Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының» басшысы қызметін атқарған.

2016-2022жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

2022 жылдың қырқүйек айынан бастап Ш.Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтының «Шетел тілдері» кафкдрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.

2004 жылдан бері ҚР Ұлттық ақпараттандыру орталығымен ғылыми әріптестік байланыстамын, жалпы орта білім беруметептеріне арналған электрондық оқулықтарын жасау бойынша ғылыми жетекшісі(Алматы қ.).

Ұлтай Тілегенқызы 2 электрондық оқулық, 2 оқу құралы, 7 оқу-әдістемелік құралдарының авторы, сонымен қатар 30-дан астам ғылыми мақалалары жарық көрген.

2013 жылы «Қазақстан Даңқы» орденімен, 2019 жылдың желтоқсан айында ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласының «Үздік педагогы» және «Қазақстанның үздік ғылым кандидаты-2020» атақтарыы беріліп, төсбелгілерімен марапатталған. ҚР Білім және ғылым Министрінің «Құрмет Грамотасымен», Ректорлардың Алғыс хаттарымен марапатталған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы ндағы білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен 2020 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру саласын дамытуға және сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін 1-ші дәрежелі Дипломмен марапатталған.