COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / ҒЫЛЫМ / Конференциялар / факультеттер / ДЖЕКЕНОВ ПАХЫТ СУЛЕЙМАНҰЛЫ

ДЖЕКЕНОВ ПАХЫТ СУЛЕЙМАНҰЛЫ

Джекенов Пахыт Сулейманұлы – Халықаралық Тараз инновациялық инситуты «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының менгерушісі 1959 жылы 20 қаңтар айында Жамбыл облысында дуниеге келген, ұлты - қазақ, білімі жоғары. 1981 жылы  Жамбыл  педогикалық институты «Физика және математика» факультетінің «Математика» мамандығы  бойынша  оқып  аяқтады.  1981 жылы «Динамо» спорттық ұйымында спорт бойынша нұсқаушы қызметінде жұмыс істеді. 1981 – 1983 ж.ж. Кеңес  әскері қатарында (Германияда кеңестік әскерлердің тобында) әскери борышын атқарды.

1983 -1995 ж.ж. аралығында түрлі қызметтерде: Жамбыл педагогикалық институты «Дене шынықтыру» кафедрасының оқу шебері, Ровный мектебінің «Дене  шынықтыру» пәні мұғалімі, Жамбыл педагогикалық институты «Дене  шынықтыру» кафедрасының оқытушысы кызметінде жұмыс істеді.

1988 жылы Қазақ дене шынықтыру институтының «Педагогика» факультетінде кәсіби жоғарғы білім алды. 1990 – 1992 ж.ж. аралығында Мәскеу облыстық  мемлекеттік дене шынықтыру институты аспирантурасында оқыды.

1995- 1996 оқу  жылында Жамбыл педагогикалық институты «Дене  шынықтыру» факультеті деканының орынбасары қызметін атқарды. 1996 – 2004 жылдар аралығында М.Х. Дулати  атындағы Тараз мемлекеттік  университеті «Дене  шынықтыру  ілімі  мен  әдістемесі» кафедрасының  меңгерушісі қызметін  атқарды. 2004 - 2008 ж.ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Дене шынықтыру ілімі мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі болды. 2009 – 2010 ж.ж  аралығы -Х.А. Яссауи  атындағы  Тараз  институты «Спорттық және  әскери  пәндер»  кафедрасының  меңгерушісі. 2010 жылдың  қыркүйек   айынан  2014 жылдың тамыз айына дейін Тараз  педагогикалық  институты «Дене  шынықтыру  ілімі  мен  әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2014 жылдың 16  қырқүйек  айынан 4 мамырға дейін «Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі» кафедрасында доцент қызметін атқарды. 2014 жылдың   4 мамырынан бастап ТарМУ- дың «Дене тәрбиесі» кафедрасының кафедра менгерушісі міндетін атқарып жатыр

Білім салысының үздігі П.С. Джекеновке 2007 жылыҚазақстан Республикасының  құрметті  спорт қайраткері  атағы, 2011 жылы Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлес үшін құрметті атағы берілді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен ҚР VI жазғы Универсиаданы дайындап, өткізуге зор үлес қосқан үшін, ҚР VIII жазғы  Универсиаданы дайындап, өткізуге зор үлес қосқан үшін, ҚР  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған VI ұлттық қысқы универсиадасын  дайындап, өткізуге зор үлес қосқан үшін марапатталды. Жоғары білім беру саласында әр түрлі қызметтер атқара жүріп, оны дамытуға үлкен үлесін қосты. 100-ден астам ғылыми еңбектері, соның ішінде 18 оқу - әдістемелік оқулықтар бар. Доцент П.С. Джекеновтың ғылыми жұмысының нәтижелері жоғары оқу орындарында, мектептерде кеңінен қолданылып жүр.

П.С. Джекенов - ұзақ жылдар бойы жемісті еңбегі мен жеке басына тән адамгершілік қасиеттерінің арқасында университет студенттері мен оқытушылары арасында жоғары беделге ие ғалым.