COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

2021 жылы 6 мамырда Халықаралық Тараз инновациялық институты ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, "Еуразия" Халықаралық экономикалық академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Тәжібаев Серік Дүйсенәліұлының 70 жылдығына арналған "Цифрлық экономиканы қалыптастыру дәуіріндегі жоғары білім беру, бухгалтерлік есеп және аудит жүйесін трансформациялау" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференция өткізеді.

Конференцияға қатысу үшін алыс және жақын шет елдердің ЖОО-ның ғылымдары, ғылыми ұйымдар, бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік органдардың ғалымдары мен өкілдері шақырылады.

 

Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1. Жоғары білім беру жүйесін цифрландыру: проблемалар, басымдықтар, перспективалар;

2. Цифрлық экономика жағдайындағы бухгалтерлік есептің трансформациясы;

3. Цифрландыру кезеңінде аудиторлық қызметті реформалау;

4.Цифрлық экономика және оларды шешудегі қаржылық-экономикалық және басқарушылық аспектілердің маңызы.

 

Конференцияның жұмыс тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.

 

Материалдар 2021 жылдың 20 сәуіріне дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады:

Тараз қ., Желтоқсан к-сі, 69 "Б", 2-қабат, 207А кабинет,

Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Жауапты:

- Жұмабекова Гүлбақыт Алғашқызы (ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің бастығы): +7 (708) 180 40 74, Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

- Жұмаділдаев Мұрат ("Қаржы және есеп" кафедрасының меңгерушісі): +7 707 745 17 52, Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. Сол жақ жоғарғы бұрышында міндетті түрде ӘОЖ индексі қойылады;

2. Бір жолдан кейін – ортасында баяндаманың атауы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ҚАРІППЕН) жазылады;

3. Баяндама тақырыбының астында бір интервалдан соң - ортасында кіші әріптермен автор (-лар)дың аты, әкесінің аты және тегі (қою қаріппен) жазылады;

4. Төменде мекеменің толық атауы, қаланың, елдің атауы, электрондық мекен-жайы көрсетіледі;

5. Бір интервалдан кейін абзацтан бастап - тікелей баяндама (мақала) материалы;

6. Бет параметрлері: барлық жағынан 2 см, абзац - 1 см

7. Қолжазба мәтіні 5 беттен аспауы тиіс.

8. Шрифт Times New Roman немесе Times New Roman KZ, кегль-12, интервал - бір;

9. Мәтіндегі әдебиеттер тізімі осы жұмыстың әдебиет тізіміндегі нөмірі түрінде

"шаршы" жақшаға алынады.

10. Суреттер, графиктер мен кестелер MS Word немесе MS Excel бағдарламаларында орындалуы керек және бет параметрлерінен шықпауы қажет. Суреттердің атауы мен нөмірлері суреттердің астында, кестелердің атаулары мен нөмірлері кестелердің үстінде көрсетіледі 

 

Назар аударыңыз!

Конференция материалдарының жинағын шығару ISBN, ӘОЖ және ББК халықаралық индексін берумен жүргізіледі.

Халықаралық Тараз инновациялық институтында 7 – мамыр отан қорғаушылар күні мерекесіне орай факультетаралық жайдарман ойыны ұйымдастырылды. Ойынға институт факультеттерінен 4 команда қатысып, «Сәлемдесу», «Биатлон», «Командалық сайыс», «Екінші өмір» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде «Bubble Gum» командасына бұйырды. Қатысқан барлық командалар қаржылай марапатталды.

2021 жылы 30 сәуір күні «Шетел тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан – достық мекені» атты достық фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты: 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Студенттерді ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға атсалысатын азаматы болуға тәрбиелеу. Фестиваль барысында қазақ, орыс, кәріс, түрік, қытай ұлттарының ән мәдениеті мен би мәдениетін таныстырып өтті. Көркем сөз шебері Молдан Ислам өз шығармашылығынан достық тақырыбына арнау оқыды. Фестиваль соңында студенттер әр ұлттың киімін киіп, әр ұлттың тілдерінде Абай, Ыбырай, Жамбыл аталарымыздың дана, нақыл сөздерін айтып тәмамдады. 

«Педагогика» факультеті деканының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жанысбек Айдана Жанысбекқызы

26 сәуір күні «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен студент жастарға «Kúlimde» атты концерті өткізілді. Мақсаты: студенттерге  достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту. Адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету. Адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту болатын. Концерт барысында Тайкеева Дана және Орынбасар Ақмарал «Әсем ән» әнін орындады. Ал «Сүйемін сені» әнін Құдайберген Еркенұр және Бірлікбаева Талшынның орындаса, Құдайберген Аганас гитарамен сүйемелдеп отырды. Артынша көркем сөз шеберлері Молдан Ислам, Құдайберген Еркенұр және Әбдірей Мұстафа өз шығармашылықтарынан өлең оқыды. Факультетіміздің мың бұралған биші қызы Абдильда Анель және белсенді жастарымыздан құралған флешмоб көрермендерге заманауи би түрлерін паш етті. Концерт соңы ойындармен аяқталды. Ойын жеңімпаздарына түрлі қойың дәптерлері берілді. Студент жастарға жақсы көңіл күй сыйлап, бірге көңілді уақыт өткізілді. 

«Педагогика» факультеті деканының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жанысбек Айдана Жанысбекқызы