COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар

Жаңалықтар

Мәжіліс барысында 2020-2021 оқу жылының оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша нәтижелері және 2021-2022 оқу жылына ОӘК жұмыс жоспарының жобасы қарастырылды.

Бүгінгі таңда 1,2,3 курс білімгерлері сабақтарын аяқтау үстінде. Келесі кезекте олар үшін емтихан кезені басталмақ.

     Кафедраларда 2021-2022 оқу жылына дайындық жүруде. Пәндердің оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендері, нұсқаулар, оқулықтармен қамтамасыздығы туралы сұрақты оқу-әдістемелік бюросының төрайымы Р.Д.Асемова баяндады. Әрбір кафедра бойынша жинаған анықтамалар негізінде талдау жасады.

Сонымен қатар бір-қатар ағымдағы мәселелер қаралды.

«Экономика және бизнес» факультетінің бірінші курс студенттері арасында жоғарыда аталған тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді.

 

2020-2021 оқу жылының 23 сәуірінде «Экономика және бизнес» факультетінің күндізгі бөлім 1 курс Қар-20-1, ЕА-20-1 топтарында оқитын білімгерлер арасында «Статистика» пәнінен олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиада барысында студенттер статистика жайлы түрлі мәлімет, статистиканың қолдану аясы, заңдары жайлы білімдерін көрсетіп, есеп беру үлгілерінің мәліметтері негізінде есеп-санақ жасады.

Статистика көптеген жағдайда белгілі бір қоғамдық құбылыстың сандық жағын білдіретін таным ретінде қолданылады. Ал экономист мамандығының болашақ иелері бір статистика сандарының арасында тұрған жағдайды бағалай алуы тиіс.

Аталған пән бойынша білімгерлерге факультет ардагері, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Үрістембекова Б.Ү. көптеген жылдар бойы жоғары деңгейде дәріс беріп келеді. 

«Талапкер-2021» кәсіби бағдар жұмыстары аясында «Экономика және бизнес» факультетінің «Қаржы және есеп», «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушылары Т. Рысқұлов, Жуалы аудандарының және қала колледж, мектептерінде болып қайтты. Колледж бітірушілер, 11 сынып оқушыларымен кездесу барысында ЖОО жаңа оқуға түсу ережелері, құжаттарды өткізу тәртібі, институт мамандықтары жайлы ақпарат жеткізілді. 

Халықаралық Тараз инновациялық институты мектеп оқушыларына болашақ мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында көптеген атаулы іс-шаралар атқарып келеді. Сондай игі дәстүрдің жалғасы ретінде өткен аптада институымызда №30 орта мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары қонақта болды. Осы мектептің 2012 жылғы үздік түлегі, ХТИИ «Филология» кафедрасының оқытушысы Саржаев Олжас Тілебалдыұлы мектеп оқушыларына институт ғимараттарын аралатып саяхат сабағын өткізді. Институтымыздың заманауи жабдықталған кітапханасындағы сирек кездесетін кітаптар мен электрондық ресурстарды, қолөнер шеберханасындағы ою-өрнек әзірлейтін жоғары технологиялы құрылғыларды, «Билология» зертханасындағы таңғажайып экспонаттарды оқушылар назарына ұсынып, қызықты деректер арқылы таныстырып өтті.

Сабақ барысында мектеп оқушылары институтымыздың ерекше ғылыми орталықтарының бірі - «Шерхантану ғылыми зерттеу орталығына» қонаққа келді. Орталық директоры Кембаева Айнұр Тұрарқызы атақты жазушы Ш.Мұртаза жайлы естеліктермен бөлісе отырып жазушының фотоальбомымен, қолжазбаларымен және орталыққа Ш.Мұртазаның өзі табыстаған жеке заттарымен таныстырып өтті. Айнұр Тұрарқызы ҒЗО тарихымен, атқарылған маңызды іс-шараларды атап өтіп, аса қызығушылық танытқан оқушыларды әр жыл сайын орталық тарапынан ұйымдастырылатын Шерхан оқуларына қатысуға шақырды.

Кәсіби бағыт-бағдар беруге негізделген саяхат сабағының соңында №30 мектеп-гимназиясының оқушылары аға буын мектеп түлегі О.Т.Саржаевтан мамандық жайлы, институт жайлы, мектеп кезіндегі қызықты сәттері жайлы сұрақтар қойып, естелік суретке түсіп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.