COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар

Жаңалықтар

Мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. «Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағыналарды білдіреді.

Ораза айт мерекесі құтты болсын! Қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы амалдарымыз, берген зекет пен пітір садақаларымыз қабыл болып, мол сауаптан жазғай!

Әрбір отбасына амандық, жақсылық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін! Баршамызды рамазаннан рамазанға дейін аман-есен жеткізе берсін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Ізгі тілекпен, ректор Ерболат Саурықов

Халықаралық Тараз  инновациялық институтының «Шығармашылық мамандықтар» факультеті ақын Жамбыл Жабаевтың 175-жылдық мерей тойына арналған ІІ-дәстүрлі облыстық «Өлке өркениеті» тақырыбында жас суретші-шеберлер байқауын өткізді. Байқауды өткізудің мақсаты, жас суретші-шеберлердің ой зердесімен, көзімен, туған жердің табиғатын, өркениеттік сипатын бейнелеу, талантты жастардың әсемдікті көркемдеп сезіне білу ерекшеліктерін танытып, олардың шығармашылық бастамасына қолдау көрсету болды. Байқауға 17-19 жас аралығындағы мектеп,  арнаулы орта және жоғары білім беру мекемесінің білім алушылары жас ерекшелігіне байланысты екі топқа  бөлініп 14-16 жас және 17-19 жас аралығында қатысты. Байқауға бейнелеу өнерінің салалары живопись, графика, мүсін, қолданбалы қолөнер, көркем фото, дизайн және үздік үй тапсырмасы номинациялары бойынша қала, аудан мектептерінің оқушылары  мен ЖОО-ның студенттері қатысып, жүлделі  орындар және сертификаттармен, жетекшілері алғыс хаттармен  марапатталды.  Аталған жүлделі орындардың номинациясы бойынша ҚР суретшілер одағының мүшесі М.М Егизеков. марапаттады.
Сонымен қатар байқауға Халықаралық Тараз инновациялық институтының  «Көркем еңбек және сызу» мамандығының бітіруші 4 курс  студенті, «Ажур» шығармашылық студиясының  көркем өнер жетекшісі Ахметова Наргиза балалардың шығармашылық  жұмыстарының көрмесін көпшілік  назарына таныстырды.

Институт басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері Бегасыл Белгібаевты Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады.

Соғыс шебіне 1943 жылы аттанған майдангер Жуалы өңірінде дүниеге келген. Қиыр Шығыста Чита қаласында атқыштар полкында жауынгер болған ол Жапон басқыншыларынан азат етуге де қатысқан. Елге 1948 жылы оралған.

Жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс ардагеріне Халықаралық Тараз инновациялық институтының Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Гүлшат Құлабекова институт тарапынан жасалған сыйлықты тапсырды.

Гүлшат Қамбарбекқызы Жеңіс күнін жақындатқан майдангерлерге құрмет мейрам қарсаңында ғана емес, жыл бойы жасалу керектігін айтып, Бегасыл ақсақалға деніне саулық, отбасына амандық тіледі. Өз кезегінде қарт майдангер институт ректоры мен ұжымға алғыс білдіріп, батасын берді.