COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет

«ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

ЕЛУБАЕВА РАХАТ САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ

Кафедра меңгерушісі

Байланыс телефоны: +7 777 101 35 46

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кафедра туралы

 

Кафедраның мақсаты заманауи талаптарға жауап беретін білімді, білікті, дені сау, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады. Профессор-оқытушылар құрамы оқу процесін заманауи ақпараттық технологияларға негізделген интерактивті оқыту түрінде жүргізеді. Кафедрада білім беру саласындағы жаңа оқыту жүйесімен байланысты, мемлекеттік стандарттарды әзірлеу арқылы халықаралық байланыстарды арттыруға бағытталған тұрақты жұмыс жүргізіледі. Кафедраның материалдық-техникалық базасы заманауи ақпараттық құралдармен, компьютерлермен, интерактивті тақталармен жабдықталған, жас ғалымдардың оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жан-жақты шығармашылық дамуына мүмкіндік береді. Кафедраның ПОҚ негізгі қызметтері мен жұмыстары жоғары білікті, шығармашылық жетістіктері бар, қабілетті және болашақ ұрпаққа сапалы білім беретін мамандарды даярлауға бағытталған. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Республикаға танымал ғалымдар мен оқытушылар болып табылады. Сонымен қатар, жаңа жүйеде білім мен оқытудың жаңа технологияларын меңгереді, оқу процесіне оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтар, кешендер мен силлабустар енгізеді.

Жалпы педагогика кафедрасы келесі бағыттар бойынша мамандар даярлайды:

БАКАЛАВРИАТ кадрларды даярлаудың білім беру бағыттарының коды В001-Педагогика және психология
Білім беру бағдарламасының атауы 6B01101 - "Педагогика және психология"
6В01201 - "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" В002-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

6В01301 - "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" В003-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

6В01202 - "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы" В012-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы

Білім беру бағдарламасының түлегі келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады: - мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер, Тәрбиеші, балабақша (бөбекжай-бақша) тәрбиешісі, мектепке дейінгі тәрбие, мектептен тыс жұмыс жөніндегі инспектор, оқытушы (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесінде)

 

МАГИСТРАТУРА 7м01101 " Педагогика және психология (ғылыми-педагогикалық бағыт) М011 Педагогика және психология

Білім беру қызметі 2009 жылғы 18 мамырдағы № 0064058 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады, ол Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мәртебесінің Халықаралық Тараз Инновациялық институты мекемесіне өзгеруіне байланысты 12.02.2021 жылы № KZIILAA00023380 болып қайта тіркелді, 26.10.2022 жылдан бастап № KZ30LAA00032738 институт мекемеде қайта тіркелді "Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институты" (бұдан әрі-ХТИИ).

7М01101- "Педагогика және психология" ББ бойынша кадрларды даярлау ҚР БҒМ БҒСБК берген № 0064058 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады, 18.05.2009 ж.7М01101- "Педагогика және психология"  б білім беру бағдарламасы бойынша кадрларды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Түлеккеғылыми-педагогикалық бағыт бойынша – 7М01101 - "Педагогика және психология"білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі деп академиялық дәреже беріледі.

7М01101- "Педагогика және психология" ББ қызмет көрсететін кафедраларда қажетті материалдық-техникалық база, заманауи жабдықтармен және АКТ құралдарымен жабдықталған кабинеттер мен зертханалар бар. Оларда оқу процесін ұйымдастыру бойынша қажетті құжаттамасы бар.

Кафедраның профессор-оқытушы құрамы студенттерге бағытталған оқыту саясатын жүзеге асыра отырып, оқу процесінде тұлғаға бағытталған тәсілдер мен оқытудың инновациялық әдістерін, креативті және бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының оң тәжірибесін белсенді пайдаланады. Магистрлік жұмыстар компьютерлік техниканы қолдану және заманауи бағдарламалық өнімдер мен ғылыми жабдықтарды қолдану арқылы орындалады.

 

МАГИСТРАТУРА 7М01102 "Педагогика және психология" (бейіндік бағыт) М001 Педагогика және психология

7М01102- "Педагогика жәнепсихология"білім беру бағдарламасыныңмақсаты: Эксперименттік-зерттеужұмысынажәнепсихологиялық-педагогикалықпроцестердіталдауғақабілетті, сондай-ақбілім беру саласындағыұйымдастырушылық-басқарушылықстратегиялардымеңгерген,  жаңаформациядағымагистрлердідаярлау.

Оқу мерзімі:1 жыл

7М01102-"Педагогика және психология" білім беру бағдарламасының міндеттері.

Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін білім деңгейін қамтамасыз ету:

- ғылым мен педагогикалық қызметтің таңдалған бағытында магистранттардың теориялық және практикалық, жеке дайындығын тереңдету;

- кәсіптік білім берудің тәжірибеге бағдарланған мамандарын даярлау;

- магистранттың танымдық қызметінің өзіндік, жеке стилін қалыптастыру;

- магистранттардың кәсіби, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық, Көпмәдениетті және өзін-өзі дамыту құзыреттерін меңгеруі;

- жеке бағытты құруға және іске асыруға, адамның өмір жолының әртүрлі кезеңдерінде өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған магистранттың білім алуын әдістемелік қамтамасыз ету;

- өзін-өзі жүзеге асыруды, өзін-өзі дамытуды, өзін-өзі жетілдіруді, оның интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін арттыруды қамтамасыз ететін алынған білім негізінде магистрант тұлғасының педагогикалық және қабылдау қабілеттерін дамыту;

- кәсіби ұтқырлыққа және халықаралық еңбек нарығының талаптарына бейімделуге кепілдік беретін жоғары кәсібилікті, креативті ойлау қабілетін, олардың барлық белсенді өмірі барысында жаңа білімді өз бетінше шығармашылық игеру қажеттілігі мен дағдыларын қамтамасыз ету;

- тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын, педагогикалық қарым-қатынастағы педагогикалық этика принциптері мен нормаларын қалыптастыру;

- білім беру, зерттеу және инновация бірлігін сақтау.

Бейіндік магистратура жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар білім беру салалары үшін басқарушы кадрларды даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Магистратура түлектері кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

Бейіндік дайындық кезінде:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық (педагогикалық білім беру жүйесінің менеджері);

- білім беру (білім беру, педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы педагог-психолог)

Магистратурада оқу мерзімін ЖОО алдыңғы даярлық деңгейінің білім беру бағдарламасының бейініне сәйкестігіне және пререквизиттердің болуына байланысты дербес түзете алады.

 

 

Кафедра құрамы

 

Болеев Калдыбек

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.д.

Қызметі: профессор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Сарыбеков Махметгали Нургалиевич

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.д.

Қызметі: профессор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Сарыбекова Жанат Туленовна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.д.

Қызметі: профессор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

Болеев Талант Калдыбекович

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.д.

Қызметі: профессор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Азтаева Баршакул Арипкановна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.к

Қызметі: доцент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Кушеров Несипбай Мананбаевич

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.к.

Қызметі: доцент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Курманбекова Айгуль Саукымбековна

Ғылыми дәрежесі:  п.ғ.д.

Қызметі: д.м.а.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Ускенбаева Джулдуз Аманкелдиевна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.к.

Қызметі: д.м.а.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Бактыбаева Кулизат Сагынгалиевна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.к.

Қызметі: доцент м.а

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

Тамабаева Каракоз Умирзаковна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.к.

Қызметі: доцент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Жумабекова Гульбахыт Алхашовна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.к.

Қызметі: д.м.а.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Фатикова Назифа Агламовна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.м

Қызметі: аға оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Акынова Гулшат Оразгалиевна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.м

Қызметі: аға оқытушы

E-mail: Akynova@inboх.ru

 

Ажибаева Роза Елибаевна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.м

Қызметі: аға оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Исаметова Ақмарал Туяшбекқызы

Ғылыми дәрежесі: п.п.ғ.м 

Қызметі: аға оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

Таджикова Айгерим Джамбуловна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.м

Қызметі: оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Абаева Арай Кадирхановна

Ғылыми дәрежесі: п.ғ.м

Қызметі: аға оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

 

Пірәлі Фатима Елубайқызы

Ғылыми дәрежесі: п.п.ғ.м

Қызметі: оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Сманова Улданай Калдыбаевна

Ғылыми дәрежесі: п.п.ғ.м

Қызметі: оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Момбекова Сымбат Бақытжанқызы

Ғылыми дәрежесі: п.п.ғ.м

Қызметі: оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Рзатай Айнұр Қуатқызы

Ғылыми дәрежесі: п.п.ғ.м

Қызметі: оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Қадірова Еркеназ Болатбекқызы

Ғылыми дәрежесі: п.п.ғ.м

Қызметі: оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Кафедра жетістіктері

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасы даярлайтын 6В01201- «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01101 - «Педагогика және психология» - білім беру бағдарламалары бойынша кешенді емтихандар басталды.
Студенттерімізге сәттілік тілейміз. Білімді, білікті және бәсекеге қабілетті мамандар болуына тілектеспіз.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасы даярлайтын 6В01101 - «Педагогика және психология», 6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01301 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары бойынша студенттер өздерінің теориялық, ғылыми және практикалық ізденістерін жоғары деңгейде көрсете білді және дипломдық жобаларын сәтті қорғап шықты.

 

"Білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері" 

29.02.2024ж. "Педагогика" факультеті, "Жалпы педагогика" кафедрасының ұйымдастыруымен "Білім сапасын арттырудың өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелді өткізудегі мақсат Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру сапасын арттыруды дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізудегі білім беруді дамытудың стратегиялық мүмкіншіліктерін, білім беру сапасын арттыру. Дөңгелекүстелге Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры э.ғ.д. М.А Баяндин., "Шығармашылық мамандықтар" факультетінің деканы А.С Курманбекова., "Педагогика" факультетінің  деканы А.Е.Ботабаева., "Жалпы педагогика" кафедрасының меңгерушісі Р.С.Елубаева., "Жалпы педагогика" кафедрасының п.ғ.к. Н.М.Кушеров., Таразқаласы №28 балабақшасының әдіскерлері, №44 мектеп, №4 мектеп-гимназиясының мұғалімдері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысып, білім сапасын арттыруға қатысты өз ойларымен бөлісіп, пікір, тәжірибе алмасты. Дөңгелек үстел барысында  психологиялық ахуалды орнату үшін "Жалпы педагогика" кафедрасының оқытушылар құрамы тренингтер өткізді. Дөңгелек үстел өте жоғары деңгейде өтіліп, сөз соңында барлық келген қонақтар алғысхаттармен марапатталды.

 

«Ұлы тұлғалардың ізімен»

21 ақпан «Халықаралық анатілі» мерекесіне орай, ұйымдастырылған апталықта "Жалпы педагогика" кафедрасы «Ұлы тұлғалардың ізімен» атты поэзия сағаты өткізді. Іс - шарамызға Тараз қаласының мектептерінің бастауыш сынып оқушылары және институтымыздың талантты студенттеріміз ұлы тұлғалардың шығармашылығынан поэзия оқып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Жоғары өнер көрсеткендер алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен апталықтың 3-ші күні өз мәресіне жетті.

 

«Жаңартылған білім беру бағдарламасының өзекті мәселелелері» 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультетіне қарасты 6В01101-Педагогика және психология; 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; 6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі; 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті; 6В01702-Шетел тілдері:екі шет тілі  Білім Беру бағдарламалары бойынша Тараз қаласының № 12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясы; №23, 30, 16, 32 орта мектептері; № 28, №18, № 9, № 35 бөбекжай-балабақшалары; Абай атындағы педагогикалық колледжі, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі жұмыс берушілерімен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді Академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры А.Қадыроваашып, өз пікірін білдіріп, жұмыс берушілерге алғысын білдірді. Академиялық саясат басқармасының басшысы Д.Акимова қосылған жаңа пәндерді мақұлдады. Жұмыс берушілер өз ұсыныстарын білдіріп бірге шешім қабылдайтынын атап айтты. Кездесу өз мәресіне жетіп,қонақтар алғысхаттармен марапатталды.

 

2023 жылдың 14-19 желтоқсан аралығында Түркия мемлекеті Стамбул қаласында өткен «Білім беру саласындағызаманауиүрдістер. Инклюзивтіоқытуәдістері» атты Халықаралық біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Аталған курсқа «Педагогика» факультетінің деканы Ботабаева Адемі Еркебайқызы және «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі Елубаева Рахат Сайлаубекқызы қатысып, біліктілігін арттырып қайтты.

Түркия мемлекетінің инклюзивті білім беру жүйесіне байланысты дәрістер оқылып, шетелдік әріптес оқытушылар өз іс-тәжірбиесімен бөлісіп, тренингтер жүргізді. Бұл Халықаралық біліктілікті арттыру курсына Қазақстанның түрлі аймақтарынан педагогтер қатысты. Курсты Қазақстандағы «Алтын ғасыр» оқу орталығы және Туркияның Халық университеті бірлесе отырып, ұйымдастырып өткізді. Курс соңында 72 сағаттық Халықаралық біліктілікті арттыру курсының сертификаты табысталды.

 

 

2023 жылдың 7-8 желтоқсанында сағат 11:00,15:00 аралығында "Жалпы педагогика" кафедрасы ұйымдастыруымен 6В01101- "Педагогика және психология", 6В01301- "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламалары бойынша пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың басталу салтанатын“ Педагогика” факультетінің деканы п.ғ.к., Ботабаева А.Е. және “Жалпы педагогика” кафедарсының оқытушылары қатысты.

6В01101- “Педагогика және психология” ббб бойынша олимпиада кезеңдері:
1. Топтың визит картасы [5-7мин].
2. Психологиялық пікірталас [20 мин]
3. Ғылыми жоба [25-30 мин]

6В01301- "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" ббб бойынша олимпиада кезеңдері:
1. Топтың визит картасы [7-10 мин].
2. ”Педагогтың кәсіби құзыреттілігі” тақырыбында шеберлік сыныбы [25-30мин]
3. Базалық пәндер бойынша сұрақтар топтамасы [20-25 мин]
4. Ғылымижоба [25-30 мин]

Олимпиада қорытындысы командалар бойынша есептелінді. Үздік нәтиже көрсеткен студенттер марапатталды.

 

2023 жылы 22 қарашада «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасының оқытушылары және студенттер Тараз қаласы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 85395 әскери бөлімшесімен «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының студенттерінің кәсіби, әлеуметтік-мәдени бағыттылығын және жалпы мәдени құзыреттіліктердің қалыптасуына, институт пен жұмыс берушінің арасындағы қарым-қатынас әлеуметтік серіктестікті орнату мақсатында екіжақты келісім-шартжасалып, меморандумғақолқойыпқайтты.Кафедраның аға оқытушылары Н.А.Фатихова мен Р.Е. Ажибаева және инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының жетекшісі А.Түймебай «Әлеуметтік ортадағы жанжалды жағдайлар мен суицидтік көріністердің алдын-алу» тақырыбында әскерилерге лекция оқылды және психологиялық тренингтер жүргізді.

 

«Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен Тараз қ. №28 Бөбекжай балабакшасында әр баланың қызығушылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, адами және ұлттық құндылықтар негізінде дамыту мақсатында «Мектепке дейін тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларды бекіту мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге №9, №18, №39 бөбекжай балабақшаларының әдіскерлері қатысты.

 

 

«Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен Тараз қ. №23, №12, №5 білім беру мекемелерінен және №23, №9, №18, №39 балабақшаларының жұмыс берушілерімен Білім беру бағдарламасы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

 

«Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Елубаева Р .С., профессорҚ.Болеев және профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен “Ұстаз аты- биік әлі мәңгілік”тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында профессор Қ. Бөлеев және п.ғ.к. Кушеров Н.М. тақырыпқа сай әзірлеген баяндамаларын оқыды. 

 

 

ҚҰЗЫРЛЫ ПЕДАГОГ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ


ҚазақстанРеспубликасыбілім беру заңындакөрсетілгеніндей, адамзатқұндылықтары, ғылым мен тәжірибенегізінде, жекетұлғанықалыптастыруғақажеттіжағдайлардыжасау - білім беру жүйесініңнегізгіміндетіболыпотыр. ХалықаралықТаразинновациялық институты кәсібимамандардыдайындаумәселесіншешудің де жаңажолдарынқарастырумақсатыменүнеміигіістердің басы-қасындажүретін ЖОО-ныңбірі. Институт ректоры, профессорЕ.Б.Саурықовтыңқолдауымен, «Педагогика» факультетінің деканы М.Т.Қожаеваныңбастамасымен, «Жалпы педагогика» кафедрасыныңмеңгерушісіп.ғ.к. Р.С.Елубаеважәне ПОҚ-ныңұйымдастыруыменСатпаевкөшесі 1 «А» оқуғимаратындазаманауиталапқасайжабдықталған «Біріншісыныпкабинеті» және «Психологиялық-педагогикалықпәндерзертханасының» салтанаттыашылуыөтті.
Тұсаукесербарысында институт ректоры Е.Б.Саурықовалғы құттықтаусөзсөйлеп, зертханалардыңсалтанаттыашылулентасынМ.Х.ДулатиатындағыТаразөңірлікуниверситеті «Әлеуметтік психология» кафедрасыныңдоценті, п.ғ.к. Р.Қ. Керімбаеваменбіргеқиды.

«Жалпы педагогика» кафедрасыныңмеңгерушісі, п.ғ.к., доцент Р.Е.ЕлубаевабүгінгіҚазақстандықмектептергеқоғамныңқарқындыдамуынаілесеалатын, заманталабынасайойлайтын, ғылыми-әдістемелікбіліміжеткілікті, педагогика мен психологиянытереңмеңгергенізденімпазмұғалімқажет. Бұлмұғалімніңкәсібишеберлігіненкөрінеді. Басқашаайтқанда, білім беру үдерісімұғалімніңдайындықдеңгейі мен мамандықсапасынаүлкенталапқояды. Олмұғалімніңөзін-өзідамытуына, өзіндікбілімалуынажәнеөздігіненшығармашылықтүрдеқызметтерініскеасыруғамүмкіндікбереді. Мұғалім – бүгінгіоқушы – ертеңгіқоғамның, елдіңтірегінөміргедайындаушы. Ендеше,мамандаярлаудамұндайзаманауижабдықталғанзерханалықкабинеттердіңролізорекендігінтілгетиекетті.«Бірінші сынып кабинеті» зертханасымен «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы,магистр Р.Е.Ажибаева таныстырды. «Психологиялық-педагогикалық пәндер зертханасымен» оқытушы А.Д.Таджикова таныстырды. «ПжП 18-1» тобының студенттері Нұрлыбай Айгерім, Бекбергенов Алдияр және «БОПӘ 19-1» тобының студенті Арпабек Меруерт оқу ордасының басшылығына,сапалы білім беріп отырған кафедра оқытушыларына алғыс сөздерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Әйтсе де, кейінгі курс студенттеріне қазіргі уақытта білім беру саласында өзгерістер көп, сол өзгерістерге лайық педагог болу үшін қойылатын талаптар да күрделі екендігін, бұл адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту қажеттігіне мән беру маңыздылығын айтып, сәттілік тіледі.
Жақсыны көрмекке демекші, келген қонақтарымыз зертханалардың заманауи талапқа сай, студенттерге қажетті дидактикалық материалдармен талғаммен жабдықталуына ризашылықтарын білдірді. 

 

 

 

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК


2022 жылдың сәуір айының 19 жұлдызында Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «А.Байтұрсынұлы мұрасының зерттелуі: дерек пен дәйек» (ғылым, тәрбие, рухани-жаңғыру) тақырыбында аймақтық апталықтың жоспарына сәйкес, «Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел қонақтары:

1. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдыкадырова Турсынай Рыстаевна.

2. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Касымов Мурат Рахымбекович.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында барлық қойылған сұрақтар мен көтерілген мәселелер қатысушылардың ерекше назарына алынып, А.Байтұрсынұлының шығармалары мен өмір жолы талқыланды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде студенттер бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог – ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

Шара соңында баяндамашылар институт ректоры Ерболат Саурыковтың алғысхаттарымен марапатталды.

 

 

Білім беру бағдарламалары

 

Бакалавриат

6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы

6B01202 - «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы»

6В01101 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы

6В01301 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы

Магистратура

7M01101 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы

7M01102 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы

 

Біліктілікті арттыру

 

Профессор-оқытушылар құрамының біліктілікті арттыру бойынша иеленген сертификаттары

Ғылым

 

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау бойынша жарияланған еңбектері мен жетістіктері

Оқулық

Оқу құралы

Монография

Алғыс хаттар

Баспадан шыққан монографиялар, оқулықтар және оқу құралдары

Ашық сабақтар

 

26.04.2024ж. «Педагогика» факультетіне қарасты «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы А.К.Абаева мен оқытушылар А.Қ.Рзатай, У.К.Сманова 6В01301 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасына «Балалар әдебиеті» пәнінен «Бастауышта М.Әуезов шығармаларының оқытылуы» атты тақырыпта факультет деңгейінде бинарлы ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың мақсаты – студенттерді өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, өзіндік ой-пікірін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Сабақта: Wordwall платформасында «Суреттер сөйлейді», «Кездейсоқ дөңгелектер» әдістері, видеосұрақтар, топтық талқылау, кері байланыс жүргізілді. Ашық сабаққа: «Педагогика» факультетінің деканы А.Е.Ботабаева, «Жалпы педагогика» кафедарсының меңгерушісі Р.С.Елубаева, «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы Г.М. Муханмедярова және «Жалпы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Н.А.Фатихова, оқытушылар А.Д.Таджикова, Ф.Е.Пірәлі, С.Б.Момбекова қатысты. Ашық сабаққа келген қонақтар өз ойларымен бөлісіп, сабақ жоғары деңгейде өтілді.

 

Ашық сабақтар

Практика және дуалды оқыту

 

12.01.2024 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты "Педагогика" факультеті "Жалпы педагогика" кафедрасына қарасты  6В01101 "Педагогика және психология" және 6В01201 "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу", 6В01301 "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен "Педагогика психологиялық" практикасының кету конференциясын өткізді. Барлық студенттер бұйрықпен таныстырып, қауәпсіздік ережесіне қол қойды. Студеттерді баратын мектеп, колледж және балабақшалармен таныстырды. Конференцияға кафедра меңгерушісі Елубаева Р.С., аға оқытушылар: Фатикова Н.А., Ажибаева Р.Е., Абаева А.К., оқытушылар: Пірәлі Ф.Е., Момбекова С.Б., Сманова У.К., Рзатай А.Қ., Қадірова Е.Б қатысты.

 

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты,"Педагогика" факультеті,"Жалпы педагогика" кафедрасына қарасты 6В01301-,"Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері,"Оқу тәрбие" жеке,"Педагогикалық" практикасына кету конференциясы өткізілді. Студенттерді бұйрықпен таныстырып, бөлінген қалалық және аудандық мектептерге жіберілді. Кафедраның жауапты мұғалімдері қатысып, бағдарламасы мен таныстырылды.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты “Педагогика” факультеті “Жалпы педагогика” кафедрасына қарасты 6В01301 “Бастауыш оқытудың педагогикасымен әдістемесі” білім беру бағдарламарының 4 курс студенттерімен "Дипломалды практикасы" және "Педагогикалық" практикасының кету конференциясын өткізді. Барлық студенттер бұйрықпен бөлінген қалалық мектептерге барды. Барлық студенттер практика барысында бақылау жүргізіп, белсенді сабақ өткізуде, ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізуде. Конференцияға кафедра меңгерушісі ЕлубаеваР.С., аға оқытушылар: ФатиковаН.А., АжибаеваР.Е., АбаеваА.К., оқытушылар: ПірәліФ.Е., МомбековаС.Б., СмановаУ.К., РзатайА.Қ., ҚадіроваЕ.Б., қатысты.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Педагогика» факультетіне қарасты "Жалпы педагогика” кафедрасының 6В01101 - “Педагогика және психология”, 6В01201 -“ Мектепкедейінгі оқыту және тәрбиелеу”, 6В01301 - “Бастауыш оқытудың педагогикасымен әдістемесі” білімберу бағдарламаларының 1 курс студенттерінің “Оқу-танысу”  практикасы институтта өтілді. Практикабарысында студенттер институттың ішкі талаптарымен,  білім беру бағдарламаларына қарасты аудиториялармен, оқу жабдықтарымен қамтылған кітапхана қорымен, студенттерге арналған "Қысқыбаққа" саяхат жасап, студенттерге таныстырып көрсетілді.

 

28.11.23 жылы сағат 12:00 “Педагогика” факультетіне қарасты “Жалпы педагогика” кафедрасының  6В01201 - “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламасы дуалды оқыту бойынша Тараз қаласындағыТОО “ДанЕлДи”, “Әсем әлем” бөбекжай бақшасында Мдот-20-1 тобының қатысуымен “Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық теориясымен әдістемесі” пәнінен ашық сабақ өткізілді.

 

24.11.2023 ж. сағат 10:20-да №9 бөбекжай балабақшасында МДОТ-20-1 тобының қатысуымен "Отбасы өмірдің этикасы мен психологиясы пәнінен," М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары" атты ашық сабақ өткізілді. Ашықсабақ "КЕЙССтади" әдісібойынша өткізілді. Ашық сабаққа "Академиялық саясат басқармасымен бірге" Дуалды оқыту бойынша жауапты маман Б. Дуралиева және "Жалпы педагогика" кафедрасының аға оқытушысы Н.Фатихова қатысты. Ашық сабақ жоғары деңгейде өткізіліп, өз мәресіне жетті.

 

Дуалды оқыту элементтерін іске асыру бойынша 6В01101” “Психология және педагогика” мамандығының 4-шікурс студенттері 23-ші орта мектебінде семинар өткізуде.

 

Мдот 21/1 тобының студенттері 28 бөбекжай балабақшасында дуалды оқыту бойынша практикалық сабақта.

 

Бопә 21/1,3 топтары Керімбай атындағы 12 мектеп гимназиясында дуалды оқыту бойынша семинар сабақтарын өтуде.

 

Пмно 21/2 тобының студенттері  23 орта мектебінде дуалды оқыту бойынша тәжірибе алуда.

 

2023-2024 оқу жылында дуалды оқыту элементтерін іске асыру бойынша Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты,"Педагогика" факультеті,"Жалпы педагогика" кафедрасына қарасты 6В01101-ПЖП,6В01201-МДОТ,6В01301-БОПӘ білім беру бағдарламасы бойынша,Тараз қаласының 23,12 мектеп-гимназиясы, 9, 28 Бөбекжай балабақшасы және индустриялды-технологиялық колледжіне дуалды оқыту бойынша дәріс және семинар сабақтары 3 және 4 курс студенттеріне жүргізіледі. Мақсаты-студенттерді біліммен қаруландыру және дуалды оқыту серіктестікті ұлғайту.

 

2023-2024 оқу жылында дуалды оқыту элементтерін іске асыру бойынша "Жалпы педагогика"кафедрасына қарасты 6В01201-"Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" білім беру бағдарламасы бойынша 28,9 бөбекжай балабақшасында дуалды семинар сабағын өткізеді.

 

2023-2024 оқу жылында дуалды оқыту элементтерін іске асыру бойынша "Жалпы педагогика" кафедрасына қарасты 6В01101-“Педагогика және психология" білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттері, Тараз қаласының индустриалды-технологиялық колледжінде дуалды бойынша практикалық сабақтарын өткізуде.

 

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының, “ Педагогика” факультеті, “Жалпы педагогика” кафедрасына қарасты “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” мамандығы дуалды оқыту бойынша №35 “Ер Төстік“ балабақшасында, МДОТ -20/1 тобымен "Коррекциялық педагогика негіздері” пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ өте қызықты өтті. Студенттер белсенді қатысты. Балабақша педагогы өз алдына қойған мақсатына жетті. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

 

 

“Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материалдар”

2022 жылдың 28 сәуірінде “Жалпы педагогика” кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ажибаева Роза Елібайқызы Тараз қаласы Ш.Смаханұлы атындағы N 44 орта мектебінде дуалды оқыту бойынша Бопә 19-1 тобымен «Дидактикалық материалдарды пайдалану әдістемесі» пәнінен ашық сабақ өткізді.

Сабақ студенттерді Ұлы Абай атамыздың 17-ші қара сөзіндегі ғылымға жетелейтін жол “Қайрат, Ақыл, Жүрек” атауларымен топтарға бөлінуімен басталды. Студенттерге өткен тақырыптар бойынша «Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып төмендегі платформада тест сұрақтары жүргізілді.

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfelqSaE-hpgIV6Ob9-mkdcOd558Ufre2b329k1WeFMekrPCg/viewform?vc=0&c=0&w=1&flr=0

Сабақтың тақырыбына сай төмендегі платформада сұрақ-жауаптар жүргізілді. https://wordwall.net/ru/resource/31671754

Сабақтың тақырыбына сай төмендегі платформада топтарға тапсырмалар берілді. https://learningapps.org/watch?v=pdp3xw3ft22

Бейне-сұрақ /Оқытушылардың тақырыпқа сай сұрақтары/

Шығармашылық ізденіс: интербелсенді әдістер: «ақыл- ой» картасын қолдану: /топтар бірлесе отырып, өздерінің жинаған мәліметтерін ортаға салып, әртүрлі форматта талқылады, орындады/

Қорытынды /Екі жүрек бір тілек/ әдісін қолданып, топтар тапсырмалар бойынша бір-бірлерін бағалап, кері байланыс орнатты.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультеті «Жалпы педагогика» кафедрасы даярлайтын «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының БОПӘ 19-1 тобының студенттері кафедраның білім беру мекемелерімен жасалған келісім - шарт негізінде Тараз қаласы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінде "Дуалды оқыту" бойынша кестеге сәйкес «Дидактикалық материалдарды пайдалану әдістемесі» және «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәндерінен аға оқытушы, магистр Ажибаева Р.Е. және Сыдықова С.Ө. студенттердің теориялық білімдерін болашақ практикалық іс-әрекеттерінде қолдана білу іскерлігі мен дағдыларын және кәсіби жалпы мәдени құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында практикалық сабақтар өтілуде.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының “Педагогика” факультетіне қарасты “Жалпы педагогика” кафедрасының 6В01101 “Педагогика және психология”, 6В01201 “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” және 6В01301 “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттерімен практика аясындағы келу конференциясын өткізді.Барлық студенттер бұйрықпен бөлінген қалалық мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелері бойынша топпен қорғады. Конференцияға кафедра аға оқытушылары Фатикова Н.А., Сыдыкова Қ.Ө., Ажибаева Р.Е., оқытушылар Таджикова А.Д., Келімбетова А.Ғ. және Пірәлі Ф.Е., қатысты.

 

Кәсіби бағдар

 

02.11.2023 жылы “Педагогика” және “Шығармашылық мамандықтар”факультеттерімен бірлесе отырып “Мамандықты дұрыс таңда” атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп және колледж бітірушілері келіп, институтымыздың білім беру бағдарламаларымен, оқу ғимаратымен танысып, ақпарат алды. Білім беру бағдарламалары бойынша ақпаратты “Педагогика” факультетінің деканы п.ғ.к., Ботабаева Әдемі Еркебайқызы сөз алып, таныстырды. Іс-шара барысында таныстыру ғана емес, келген қонақтарымызға "Мамандықты таңдай білдіңбе?" тақырыпта көптеген өзекті мәселелер шешіліп психологиялық тренингтер ұйымдастырылып өз мәресіне жетті.

 

18.01.2024 ж. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультетінде 6В01101-Педагогика және психология; 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу; 6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі; 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті; 6В01702-Шетел тілдері: екі шет тілі  Білім Беру бағдарламалары бойынша Тараз қаласының № 12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясы; №23 , 30, 16, 32 орта мектептері; № 28 ,№18, № 9, № 35 бөбекжай-балабақшалары; Абай атындағы педагогикалық колледжі, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі жұмыс берушілерімен «Жаңартылған білім беру бағдарламасы актуалды әдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында «Педагогика» факультетінің деканы Ә.Ботабаева алғашқы сөзді Академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры А.Қадыроваға берілді. Жұмыс берушілерге өз пікірін айтып алғысын білдірді. Академиялық саясат басқармасының басшысы Д.Акимова қосылған жаңа пәндерді мақұлдады. Жұмыс берушілер өз ұсыныстарын білдіріп бірге шешім қабылдайтын болды. Кездесу өз мәресеіне жетіп алғыс хаттармен марапатталды.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық тараз инновациялық институтының “Жалпы  педагогика” кафедрасынының п.ғ.к.,Бақтыбаева К.С., аға оқытушылар .Фатихова  Н. А, Абаева А.К, Исаметова А.Т,окытушылар Таджикова А.Ж,Момбекова С.Б.Тараз қаласындағы "№48,17,21,,23 орта мектептері ,Абай атындағы колледжі , Қазіргі заман гуманитарлық - техникалық колледжі және Байзақ ауданындағы  Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия,Қостөбе орта мектебі,Жамбыл ауданы, Ақшабаев Намазбай атындағы орта мектептеріне кәсіби бағдар жұмыстары жүргізіліп 11 сынып оқушылары және колледж бітірушілеріне  институт  жайлы ақпарат беріліп ,таратпа  материалдары таратылып плакаттар ілінді.

 

Жалпы педагогика кафедрасының профессор оқытушылары, Байзақ ауданында бөлінген мектептеріне кәсіби бағдар бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.Бітіруші түлектермен тілдесіп, институттымызды таныстыру мақсатында таратпа қағаздар берілді.

 

Педагогика факультеті және педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен мамандық таңдау маңызды ісі-тақырыбында ашық есік күні өткізілді
Ашық есік күніне Тараз қаласының 23-ші, 12 мектеп-гимназиясының түлектері және кәсіби бағдар ұйымдастырушылары қатысты
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты алғаш құрылғанан бастап қазірге дейнгі қол жеткізілген жетістіктеріне тоқталып кафедрасы меңгерушілері мен ұйымдаструшылары профессорлары оқытушыларымен таныстырып өткізді.

 

 

Наурыз айының  1-10 аралығында “Жалпы  педагогика” кафедрасының аға оқытушылары Фатихова Н.А, Ажибаева Р.Е және Абаева А.К. Байзақ аудандарының  мектептеріне  барып кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп келді. Байзақ ауданында кәсіби бағдар жүргізілген мектептер: №1 мектеп-гимназия, Н.Ақшабаев о.м,3. Қызыл Жұлдыз о.м, Қостөбе о.м,Үлгілі о.м, Мырзатай о.м,Жамбыл  о.м,Жаңатұрмыс о.м,Бурыл о.м,Көктал о.м,Ә. Жанқұлиев о.м, М.Әуезов о.м,Ы.Алтынсарин о.м, Ақшолақ о.м,Қарасу о.м,Дихан Тірек о.м,Шоқан Уәлиханов о.м,Кеңес №3 о.м, С. Абланов о.м,Ақбозов  о.м, Пушкин о.м,Аманкелды о.м,Жібек жолы  №5 о.м, Сухамбаев о.м, Берікқара о.м, Гоголь о.м, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия, Ю. Гагарин о.м, Сейфулин о.м. 11 сынып бітіруші түлектерімен кездесіп  институт  жайлы видолар көрсетіліп,  ақпараттар берілді.Сонымен қатар таратпа  материалдар таратылып плакаттар ілінді.

 

 

Тәрбие жұмыстары

 

Жалпы педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен Тараз каласының №1 карттар үйіне үлкенге кұрмет кішіге ізет  аты тақырыбында қартар мен кездесу өткілізді. Кездесу барысында улкенді сыйлауға құрметтеуге студенттердің бойына сіңіру максаттында іс-шара өткізілді. 

 

01.11.2023 жылы 6В01101 “Психология және Педагогика” білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенттері “Үміт” балалар  үйіне қайырымдылық жасау мақсатында балаларға алынған сыйлықтар табысталды.

 

Жалпы Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен Тараз қаласының “Үміт“ жеттімдер үйіне барып, қайырымдылық жасау мақсатында студенттерді адамгершілікке, мейрімділікке және қомқорылыққа бағыттау жолдары көрсетілді.

 

 

«Жалпы педагогика кафедрасының п.ғ.к., доцент меңгерушілері Елубаева Р.С. Болеев және окутылшылар  1.204 аудиториясында “Ұстаз аты- биік әлі мәнгілік”атты дөңгелек устел өткізілді. Дөңгелек устел барысында Қ. Болеев өзінің қыскаша дайындаган баяндамасымен таныстырды.

 

Рухани жаңғыру- халықтың жаңғыруы
АКО № 2 оқу залының кітапханашысы Кузембаева Б. "Педагогика" факультетінің "Жалпы педагогика" кафедрасының оқытушысы Пірәлі Ф. "Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламасы бойынша БОПӘ-20-1, БОПӘ-20-3, ПМНО-20-2 топтарымен бірге "Рухани жаңғыру- халықтың жаңғыруы" атты іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты-ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, табыс тізгіні болашақ жастарымыздың қолында екеніне назар аударту.

 

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ: ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
    Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «А.Байтұрсынұлы мұрасының зерттелуі: дерек пен дәйек» (ғылым, тәрбие, рухани-жаңғыру) тақырыбында аймақтық апталықтың жоспарына сәйкес, «Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел қонақтары:
1. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдыкадырова Турсынай Рыстаевна
2. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Касымов Мурат Рахымбекович

Дөңгелек үстел жұмысының барысында барлық қойылған сұрақтар мен көтерілген мәселелер қатысушылардың ерекше назарына алынып, А.Байтұрсынұлының шығармалары мен өмір жолы талқыланды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде студенттер бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог – ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.

 

25-қазан Республика күніне орай “Жалпы  педагогика” кафедрасына қарасты 4 курс студенттері ,Бопа-20-3 тобымен топ кураторы  Пірәлі Фатима Елубайқызы Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан! атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

2 курс студенттері Бопа-22-1  тобымен топ кураторы Момбекова С.Б "Мамандығым мақтанышым! " атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күні қарсаңында 3 курс студенттері Бопа-21-1,3 тобымен топ кураторлары Фатихова Н.А ,Ажибаева Р.Е  ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады. Осыған мереке орай “ Жалпы педагогика” кафедрасы ұйымдастыруымен дәстүрлеріміздің бірі “ Тұсаукесер” рәсімі өткізілді. Бүлдіршіннің тұсауын кесу кафедра меңгерушісі Елубаева Рахат Сайлаубекқызына бұйырды. Қадамыңа нұр жаусын балапан!